Қарап отырғанша ,бір нәрсеге жарап отыр
Белгілі батыр әрі шешен Шақшақ Жәнібек Төле биге сәлем бере келіп:
- Түзу мылтық,ұшқыр құс,жүйрік ат, мақтаншақ жігіт,ұрыншақ ат жидым.Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік құрайын ба? Еліңде кәрің болса,жазулы хатың деуші еді,ақыл сұрай келдім,-депті . Сонда Төле би:
" Өгізді өрге салма қанатың талар,наданға көзіңді салма,сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа,сенімің кетер,дұшпанға сырыңды айтпа, түбіңе жетер.Жақсының жағасынан алма,өрісің тарылар. Қару жисаң,мылтық жи,жаяу жүрсең -таяқ,қарның ашса -тамақ. Ит жүгіртіп ,құс салсаң ,әуейі боларсың .Ұрыншақ ат жаз жарға жығар ,қыс қарға жығар. Тымау түбі -құрт болар,тұман түбі -жұт болар. Елге бай құт емес, би құт.Қабырғадан қар жауса атан менен нарға күш ,ел шетіне жау келсе батырлар мен биге күш. Қарап отырғанша ,бір нәрсеге жарап отыр,кәсіп болмай, нәсіп болмас. Менен ақыл сұрасаң ,айтарым ,осы " деген екен.