Қазақ тілі /Етістік\

Қазақ тілі /Етістік\
Етістік — заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т. б. тұлғалардағы) деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, Көп ойнасаң, бала боласың (мақал). Көкек көріп қарлығашты қиғаш келіп амандасты (Ш. Смақанұлы). 

1 / 15
suivant
Slide 1: Diapositive

Cette leçon contient 15 diapositives, avec quiz interactifs et diapositives de texte.

Éléments de cette leçon

Қазақ тілі /Етістік\
Етістік — заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т. б. тұлғалардағы) деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, Көп ойнасаң, бала боласың (мақал). Көкек көріп қарлығашты қиғаш келіп амандасты (Ш. Смақанұлы). 

Slide 1 - Diapositive

Балалар не істеді?

Slide 2 - Diapositive

Тапсырмаларды орындау үшін топқа бөлінейік

Slide 3 - Diapositive

Сөйлемдерді оқып, етістіктерді табуға тырыс.
1.Дина алма терді.                                  
2. Аян мен Амир ойнады. 
3. Сәуле кітап оқыды.
4.Оқушылар тапсырма орындады.               

Slide 4 - Diapositive

Етістік түрлері
Түбір етістіктер
Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ, демек, қазіргі кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, арба, ат, ас, аш, ақ, бар, бас, бат, бер, без, бол, бөр, байла, баста, бақырай, де, ез, ер, ес, жет, жала, жыла, же, жел, жебе, жорт, жи, жар, жаз, жүз, жүгір, илан, тасы, тара, тос, тол, тоқы, түс, үр, ұқ, шал, шай, шаш т. б.

Slide 5 - Diapositive

Етістік түрлері
Туынды етістіктер
Туынды етістіктерге, әдетте, түбірлерден арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер жатады. Туынды етістіктерді тиісті түбірге және жұрнаққа бөлшектеуге болады, бірақ ол туынды тұлға есебінде қолданыла береді. Мысалы: ой+ла, той+ла, тер+ле, сүр+ле, ем+де, көз+де, тоқпақ+та, іс+те, сын+а, мін+е, мол+ай, ес+ей.

Slide 6 - Diapositive

Етістіктің шақтары туралы бейнежазба арқылы білейік

Slide 7 - Diapositive

Етістік райлары
https://youtu.be/EKHOmTJ13jk?si=kw_xan5wXgzCvccn
Етістік райлары

Slide 8 - Diapositive

Төменде берілген сөздерді қолдангып сөйлем құра.
Оқы
Жина
Бас

Slide 9 - Diapositive

Сабақты етістікті салт етістіктен ажыратамыз.
Сабақты етістік
Салт етістік
Гүл өсірді.
Гүл өсірілді.
Ауланы тазалады.
Аула тазаланды.
Шығарма жазды.
Шығарма жазылды.
Еңбегін бағалады.
Еңбегі бағаланды.

Slide 10 - Diapositive

Салт және сабақты етістік
салт және сабақты етістік

Slide 11 - Diapositive

3 минут ішінде етістікті қатыстырып 5 сөйлем құра.
timer
3:00

Slide 12 - Diapositive

Етістік сұрақтары?
A
Не істеді?
B
Қандай?
C
Кім?
D
Неше?

Slide 13 - Quiz

Етістікті тап:
A
оқыды
B
кітап
C
бір
D
жасыл

Slide 14 - Quiz

Slide 15 - Diapositive