Фариза Оңғарсынова

"Фариза Оңғарсынова - поэзия падишасы"
Жазушы Шерхан Мұртаза:

"Қазақта ақын көп, Фариза жалғыз. Жаңа туған айдың жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап тұрады. Періште жұлдыз сияқты. Ақындығы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ұқсамайды".
1 / 18
suivant
Slide 1: Diapositive

Cette leçon contient 18 diapositives, avec diapositives de texte.

Éléments de cette leçon

"Фариза Оңғарсынова - поэзия падишасы"
Жазушы Шерхан Мұртаза:

"Қазақта ақын көп, Фариза жалғыз. Жаңа туған айдың жанында жалғыз жұлдыз ерекше жарқырап тұрады. Періште жұлдыз сияқты. Ақындығы да, жаратылысы да ерекше, ешкімге ұқсамайды".

Slide 1 - Diapositive

Сабақ тақырыбы:
Фариза - поэзия падишасы
Оқыту мақсаты:
9.2.2.1: Автордың идеялық-стилистикалық біртұтастығын талдау
Сабақ мақсаты:
Автордың идеялық-стилистикалық рөлін талдау

Slide 2 - Diapositive

Фариза Оңғарсынова – ақын, халық жазушысы, журналист және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған көрнекті тұлға.


Slide 3 - Diapositive

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Манаш ауылында қарапайым отбасында дүние есігін ашты.

Ол 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірді.

Slide 4 - Diapositive

Шығармашылық жолының басталуы
1.Тұңғыш өлеңдер жинағы:
1967 жылы ақынның "Сандуғаш" атты тұңғыш өлең кітабы жарық көрді.

2.Прозалық шығармалары:
"Кәмшат" повесі, "Биіктік" очерктер жинағы" , "Шашы ағарған қыз".

3.Поэмалары:
"Сайраған Жетісудың бұлбұлымын", "Тартады бозбаланы магнитім","Тыңдаңдар ,тірі адамдар","Дала тағдыры".



Slide 5 - Diapositive

Ақынның шығармашылығына тән қасиет- шындыққа бас ию.Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан айқын көрініп тұрады.Өлеңдерінде жасандылық жоқ.Оның азаматтық лирикасы сыншылдығымен,қоғамдағы,адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды нысанға алады.
Поэзиясының негізгі тақырыптары:
-шындық
-қайсарлық
-махаббат
-адамгершілік

Slide 6 - Diapositive

Фариза Оңғарсынованың қызмет жолы:
-Еңбек жолын Балықшы ауданының Еркінқала мектебінде,Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде мұғалімдіктен бастаған.

-1978-1996 жылдары республикалық Пионер журналының бас редакторы қызметінде болған.

-1996-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші және екінші шақырылымының депутаты болды.

Slide 7 - Diapositive

Кімнің шығармаларын қазақ тіліне аударды?
Александр Блок
Евгений Евтушенко
Римма Казакова
Неруда Пабло

Slide 8 - Diapositive

Фариза Оңғарсынованың марапаттары:
- "Үйім-менің Отаным", "Маңғыстау монологтары" ,"Революция және мен" өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.

-Ақын "Құрмет белгісі" , "Парасат" ордендерімен марапатталған

Slide 9 - Diapositive

Slide 10 - Diapositive

1 тапсырма:"Топпен бірге зерттеу және талқылау"
stopwatch
00:00000

Slide 11 - Diapositive

1-ші топ: Ақынның өмірбаяны
-Бұл топ ақынның туған жері, отбасы, білім алу жолы, шығармашылыққа қадам басқан кезеңі мен өміріндегі маңызды сәттерді зерттеп, таныстырады. Сонымен қатар, ақынның жеке өмірі мен шығармашылығына әсер еткен жағдайларды да қарастыру керек.

 2-ші топ: Ақынның шығармашылығы
-Бұл топ ақынның ең басты шығармаларын зерттеп, олардың мазмұнын, тақырыптарын, негізгі идеяларын талдайды. Сонымен қатар, ақынның әдеби бағыттары мен стильдерін сипаттап, шығармаларының әдебиетке қосқан үлесін түсіндіреді.

3-ші топ: Ақынның қызмет жолы мен жетістіктері
-Бұл топ ақынның әдебиет саласында алған марапаттары, сыйлықтары мен халықаралық танымалдығы туралы мәліметтерді жинайды. Ақынның шығармалары қандай сыйлықтарға ие болғаны, оның қоғамдағы орны мен танылуы жайлы айтып береді.

Slide 12 - Diapositive

2-тапсырма : «Кім жүйрік?» әдісі арқылы ақынның шығармашылығы,қызмет жолына байланысты сұрақтар қойылады.

Slide 13 - Diapositive

3-тапсырма: “Поэтикалық саяхат” өлеңді мәнерлеп оқып ,тақырыбын анықтап,идеясына талдау жасаңыз
timer
1:00

Slide 14 - Diapositive

Дескриптор:
1.Мәнерлеп оқу (5 ұпай)
-Өлеңді анық, эмоциямен және дұрыс интонациямен оқу.
-Өлеңнің ырғақтары мен құрылымын сақтау.

2.Тақырыпты анықтау (5 ұпай)
-Өлеңнің негізгі тақырыбын дұрыс анықтау.
-Ақынның көтерген мәселесін түсіну.

3.Идеяны талдау (5 ұпай)
-Өлеңнің негізгі идеясын түсіну және дұрыс жеткізу.
-Ақынның ойы мен мақсатын ашып көрсету.

timer
1:00

Slide 15 - Diapositive

4 -тапсырма:«Жасырынған өлең жолдары»
Қағаз қиындыларына өлең жолдары жазылады.Оқушылар оларды құрастырып,дұрыс ретпен орналастыруы керек.

timer
1:00

Slide 16 - Diapositive

           Туған үйге барғанда
Алғаш мені шешіп алып жөргектен,
алғаш сенде анам мені тербеткен,
сенде қалып бақытты шақ, балалық,
сенде менің ақыл-ойым ержеткен.
Алыс кетсем жабықтырса кейде өмір,
қуаныштан шалқып кетсем кейде бір,
будақтаған түтінің де сағыныш,
сен құшақсың мені күткен бейне бір.
Сені аңсасам — көңілде жыр шумағы,
сені аңсасам — жаксы өлеңнің туғаны.
Өшпесе екен ошағыңда жанған от,
бітпесе екен көк түтіннің будағы.




Алғаш мені шешіп алып жөргектен,
алғаш сенде анам мені тербеткен,
сенде қалып бақытты шақ, балалық,
сенде менің ақыл-ойым ержеткен.
Алыс кетсем жабықтырса кейде өмір,
қуаныштан шалқып кетсем кейде бір,
будақтаған түтінің де сағыныш,
сен құшақсың мені күткен бейне бір.
Сені аңсасам — көңілде жыр шумағы,
сені аңсасам — жаксы өлеңнің туғаны.
Өшпесе екен ошағыңда жанған от,
бітпесе екен көк түтіннің будағы.

Slide 17 - Diapositive

Кері байланыс

Slide 18 - Diapositive