Аңыз. Рахманов деген аңшы жараланған маралдың ізіне түсіп,оны таудың төбесіндегі көлдің жанынан тапқан. Көл бетін қалың тұман басқан еді,жағалаудағы судың ішінде жаралы маралдың тек мүйізі көрініп тұрды. Аңшы жақындай бергенде,марал жазылып кеткендей қаша жөнелді. Осыдан кейін аңшыдан көп адам көлдің емдік қасиетін естіп,топ топпен келім ем ала бастапты. Содан бері бұл жер "Рахманов бұлағы" аталған.