Шымкент-Астана бағытында жүретін поезд, Сығанақ аялдамасынан қарама-қарсы бетте келе жатқан жүк вагонын өзімен бірге тіркеп алып, ары қарай қозғалды (1-сурет). Жүк көліктері бір-біріне серпімсіз соқтығысты, яғни соқтығысқаннан кейін бірге қозғалады.А жүк көлігінің жалпы массасы 27000 кг ал В жүк көлігінің массасы 22000 кг. Соқтығыс алдында А жүк көлігінің жылдамдығы 3,6м/с қа тең болса, В жүк көлігі 2,4 м/с жылдамдықпен келе жатты.
a. Серпімсіз соқтығыс деп қандай соқтығысты айтамыз.
b. Соқтығысқанға дейінгі әрбір жүк көлігінің импульсін есептеңіз
c. Соқтығысқаннан кейінгі жылдамдықты анықтаңыз
d. Поездің соқтығысқаннан кейінгі импульсін анықтаңыз