"Қазақ тілі және механика саласы: Автокөлік құрылымындағы терминдер мен сөздік қорды дамыту"

"Қазақ тілі және механика саласы: Автокөлік құрылымындағы терминдер мен сөздік қорды дамыту"

Әзірлеген педагогтар: Ахметова А.Ж.
Даулетбаева Ж.Д.
1 / 11
volgende
Slide 1: Tekstslide
АВтокөлік құрылымыSpecial Education

In deze les zitten 11 slides, met interactieve quizzen en tekstslides.

time-iconLesduur is: 30 min

Onderdelen in deze les

"Қазақ тілі және механика саласы: Автокөлік құрылымындағы терминдер мен сөздік қорды дамыту"

Әзірлеген педагогтар: Ахметова А.Ж.
Даулетбаева Ж.Д.

Slide 1 - Tekstslide

Сабақтың мақсаты:  
1. Білімділік: Оқушыларға автокөліктің даму тарихы мен оның негізгі бөлшектері туралы мәлімет беру, қазақ тіліндегі техникалық терминдермен таныстыру.  
2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, автокөлікке қатысты жаңа терминдерді қолдана отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.  
3. Тәрбиелік: Техникалық салаға қызығушылықтарын арттыру, ұлттық тілдегі терминдерді құрметтеуге және дұрыс пайдалануға баулу.  

Slide 2 - Tekstslide

Күтілетін нәтижелер:
- Оқушылар автокөліктің даму тарихы туралы ақпаратпен танысып, оның негізгі бөлшектерін ажыратады.  
- Қазақ тіліндегі автокөлікке қатысты терминдерді меңгеріп, оларды сөйлеуде және жазуда қолдана алады.  
- Техникалық білімнің күнделікті өмірдегі маңыздылығын түсінеді.

Slide 3 - Tekstslide

Slide 4 - Tekstslide

Автомобиль көлігінің дамуындағы маңызды кезеңдер
Автомобиль көлігінің даму тарихы 1885 жылы Карл Бенцтің ішкі жану қозғалтқышы бар алғашқы автомобильді ойлап табуымен басталды. Бұл өнертабыс көлік индустриясын мүлдем жаңа деңгейге көтерді. Араға бірнеше жыл салып, 1908 жылы Генри Форд жаппай өндіріс жүйесін енгізіп, Model T автомобилін шығарды. Осы жетістіктердің арқасында автомобильдер бұрын тек бай адамдардың қолында болса, енді қарапайым халық үшін де қолжетімді болды. Ал 1913 жылы Форд конвейерлік әдісті енгізіп, көліктерді жаппай өндіруді бастады. Бұл әдіс өндіріс уақытын қысқартып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік берді.  

1920 жылдары Германияда алғашқы автобандардың салынуы автомобиль қозғалысын анағұрлым тиімді әрі қауіпсіз етті. Автомобильге арналған арнайы жолдардың пайда болуы көлік қозғалысының дамуын тездетті. Уақыт өте келе, экологиялық мәселелерді шешу мақсатында 1990 жылдары электрлік көліктердің өндірісі қарқын ала бастады. Tesla және басқа да компаниялар жаңа технологияларды енгізе отырып, экологиялық таза әрі үнемді көліктерді нарыққа шығарды. Автомобиль өнеркәсібіндегі бұл маңызды кезеңдер бүкіл әлемдегі көлік жүйесінің қалыптасуы мен дамуына ықпал етті.

Slide 5 - Tekstslide

timer
0:30
1885 жыл
1908 жыл
1920 жыл
1990 жыл
Алғашқы автомобильдің ойлап табылуы (Карл Бенц)
Алғашқы жаппай өндірілген автомобильдің шығуы (Генри Форд, Model T)
Алғашқы автожолдардың салынуы (Германиядағы автобандар)
Электрлік көліктердің дамуы мен өндірісі (Тесла және басқа компаниялар)

Slide 6 - Sleepvraag

Автокөлікке байланысты қандай
терминдерді білесіз?

Slide 7 - Woordweb

Автокөлік құрылымын анықтай отырып, сәйкес келетін термин сөздерді жаз

Slide 8 - Open vraag

timer
1:00
Автокөліктің сыртқы элементтері
Автокөліктің ішкі элементтері

Slide 9 - Sleepvraag

Сабақтан алған әсеріңіз қандай?

қызықты        қиын           нейтралды      жақсы       өте жақсы
емес               болды
қиын болды
😒🙁😐🙂😃

Slide 10 - Poll

Қорытынды
1 Интерактивті оқу процесі: платформа оқушыларға сабақтарды қызықты әрі интерактивті түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Сабақтар түрлі форматта (тесттер, викториналар, бейнелер және презентациялар) өткізіледі, бұл оқушылардың материалды жақсы түсінуіне көмектеседі;
2. Жеке оқу қарқыны: оқушылар өздеріне ыңғайлы уақытта материалды қайталап, тапсырмаларды орындай алады. Бұл әр оқушының жеке оқу қарқынына сәйкес білім алуға жағдай жасайды;
3. Қызығушылықты арттыру: Lessonup-тың ойын элементтері оқушылардың қызығушылығын арттырып, оларды белсенді қатысуға ынталандырады;
4.Бағалау және кері байланыс: Оқушылар өз нәтижелерін бірден көріп, қатесін түзетуге мүмкіндік алады. Мұғалімдер де оқушылардың үлгерімін бақылап, дер кезінде кері байланыс бере алады;
5.Әртүрлі оқу материалдары: Lessonup әртүрлі форматтағы оқу ресурстарын біріктіреді, бұл оқушыларға материалды оңай және қызықты қабылдауға жағдай жасайды;
6. Топтық жұмысқа мүмкіндік: Сабақтарда топтық жұмыс ұйымдастырып, оқушылар арасында ынтымақтастықты дамытуға болады.

Slide 11 - Tekstslide