қазақ әдебиеті 11-сынып

Қазақ әдебиеті 11-сынып
1 / 20
volgende
Slide 1: Tekstslide

In deze les zitten 20 slides, met interactieve quizzen en tekstslides.

Onderdelen in deze les

Қазақ әдебиеті 11-сынып

Slide 1 - Tekstslide

Психологиялық   ахуал

Slide 2 - Tekstslide

Ұйымдастыру  бөлімі 

Slide 3 - Tekstslide

Үй  тапсырмасын  бекіту
Дескриптор:
- Сұрақтарға дұрыс жауап береалады;
- Сұрақ мазмұнын түсінеді.

Slide 4 - Tekstslide

Жаңа   сабақ
Қадыр  Мырзалиев  "Қызыл кітап"  поэмасы
11.1.3.1. көркем  шығармадағы  кейіпкерлер  жүйесін  жинақтау  мен  даралау  арқылы өмір шындығын көрсету

Slide 5 - Tekstslide

Slide 6 - Tekstslide

Дескриптор:
- Поэмадағы  кейіпкерлерді  тауып, сәйкестендіреді;
- Поэмамен  толық  танысады.
-Бір-бірінің  жұмысын  толықтырады.

Slide 7 - Tekstslide

timer
5:00

Slide 8 - Tekstslide

Қызыл түлкі даланың көрігі еді,
Жаға болып ол енді "керіледі"
Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ-
Қалпақ емес-
Қақпан боп көрінеді.

Айналайын бұлбұлым ,
Бал таңдайлым,
Саған тор да,
Қасқырға қақпан дайын.
Шынтақтаған жастықты 
Көрінеді
Аққу-қазды   жаныштап жатқандайын.

Ұяламын қарауға қарлығашқа.
Шқылдайсың балапан қарның аш па?!
Жалтаңдайсың әр Болат, әр Қайратқа,
Жаутаңдайсың  әр Баян, әр Күләшқа.

Ұяламын  қарауға  шүрегейге,
Құстың бірі туған да,
Бірі  егей ме?!
Бүгін кептер атқандар
Ертең  ердің 
Кеудесіне тапанша тіремей ме?!

Ұяламын  қарауға  егіз  құрға.
Қыра берсек қалады  неміз  қырда,
Жата  берсін  шуылдап  орман-тоғай
Жата берсін  малынып  теңіз  нұрға!

Slide 9 - Tekstslide

Ұяламын  қарауға  қырғауылға.
Аңшы деген  ат  бердік  бір  қауымға,
Кейбір көлдің орнында  шалшық  қалды,
Кейбір  талдар  айналды  сырғауылға.

Ұяламын  қарауға  шағалаға.
Мылтық ұстап шалқарды  жағалама,
Құстың  зарын  естісе
Не  демекші
Саған  ана  мына  жер-
Маған  ана?!




Slide 10 - Tekstslide

Көкпеңбек  боп көктемде қыр жайқалды
Бірақ анау  мөлдірде  кір шайқалды.
Крокодильдің  терісі
Кейбір  елде
Сөмке  боп  жүр  қолында  бір  апайдың.

Жөні  бөлек, әрине, жүйелі  істің.
Кейбір  завод  бірақ та  күйе құсты...
Желкілдеген  үкі  үшін  
Қалды  адамдар
Жете  жаздап  түбіне  түйеқұстың.

Қиын  болған  тағдыры  бұл құсыңның.
Қоя  алады жасырып  қылмысын  кім?
Аяғында  жатады ақсүйектің
Терілері  барыстың, ілбісіннің.
Кейбіреулер  сұмдықты  кәсіп  көріп,
Жүр  бүгінде  базарға  тасып  тері.
Біздер үшін бұғылар
Сырқыратып
Мүйіздерін  келеді  кесіп  беріп.

Күні  бітсе  құндыз бен құнулардың,
Ешқандай да  қақы жоқ  бұғуға  ардың.
Сөйте тұра, Фашистер
Сәндік  үшін
Бұрымдарын  қырыққан  сұлулардың.

Қуанышын, қайғысын, мұңын  көріп.
Жылжып жатыр  осылай  күн ілгері.
Мамонт қана  емес  қой, опат болған,
Жетіп жатыр мамонттың  інілері!

Slide 11 - Tekstslide

Қашқан кезде  адамнан  
Ізін  қадап,
Тау  ешкісі  өтеді  құзыңды  аңдап.
Қызыл  кітап-
Тірі  жан  тимесін  деп,
Хайуанатқа  берілген  қызыл  мандат!

Slide 12 - Tekstslide

Жеке  жұмыс
Дескриптор:
- Поэмада  кездесетін  кейіпкерлерді  анықтайды;
- Кейіпкерлерді  теріп  жазады;
- Бір-бірінің  жұмысын  толықтырады.

Slide 13 - Tekstslide

"Қызыл кітап" поэмасында кездесетін
кейіпкерлерді (аң, құстарды) теріп жаз!

Slide 14 - Woordweb

Жұппен   жұмыс
Дескриптор:
- Шығармадағы  жазушының  тілін  анықтайды;
- Шығармадағы  көркемдегіш  құралдарды  тауып, талдай  алады.

Slide 15 - Tekstslide

Шығарманың сюжеттік композициялық құрылысына талдау жасау

Slide 16 - Open vraag

Сабақты  бекіту  тапсырмасы 
1 Ақын нелектен табиғаттан кешірім сұрады?
2. Шығарма атауы қандай идеядан туындаған?
3. Поэманың атауын басқаша қалай өзгертер едің?
4. Поэманы не имеют "Қызыл кітап" де атахан?
5. Қазіргі еліміздегі сирек кездесетін в январелардың ахуалы қандай?
6. Ақынның  қанша  өлеңіне  ән  жазылды?

Slide 17 - Tekstslide

Кері  байланыс

Slide 18 - Tekstslide

Үйге  тапсырма 
"Адамзаттың  табиғатсыз  күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың  тілі жоқ" 
тақырыбында   эссе  
жазу

Slide 19 - Tekstslide

Бағалау 

Slide 20 - Tekstslide