Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928 жылы туған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008жылы,Нюрнберг қаласы,Германия)
Жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Оның «Аспалы көпір», «Жәмила», «Найман ана» «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» (Қалтай Мұхамеджановпен бірге) спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды.