гмо

 Гендік модификацияланған өнімдер
1 / 15
volgende
Slide 1: Tekstslide
Қазақ тіліBasisschoolGroep 1

In deze les zitten 15 slides, met interactieve quizzen en tekstslides.

Onderdelen in deze les

 Гендік модификацияланған өнімдер

Slide 1 - Tekstslide

Мақсаты:

-сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану

Slide 2 - Tekstslide

Slide 3 - Tekstslide

Генетикалық модификацияланған өнімдер:пайдасы мен зияны.

Генетикалық модификацияланған өнімдер – бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар. Гендік модификация жолмен суыққа, ыстыққа төзімді өсімдік өсіруге болады. Мысалы: картоп генінің құрамына сарышаян генін қосып, ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін алуға болады. Немесе, күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін қосып, аязға төзімді, үсімейтін қызанақ түрлерін шығаруға болады. Ал зянкес жәндіктер зиян тигізбес үшін жүгеріге жыланның уынан алынған белсенді ген енгізеді. Ғалымдар осылайша генетикалық модификацияланған өнімдерді шығару арқылы ғаламшарымызды аштықтан алып қалудың жолын ашып отыр деуге болады. Себебі бұл жол арқылы аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығарылып отыр.Өсімдіктер үшін пайдасы генетикалық модифкацияға ұшыраған өсімдіктер өте төзімді,ұзақ уақыт сақталады. Зиянкестерден және арамшөптерден өздерін қорғай алады. Құрамы генетикалық модикациялық өнімдер өндірушілер үшін өте жақсы табыс көзі болып табылады себебі, олардың пішіндері бірдей болып, көздің жауын алып тұрады.
Әрине осы қасиеттер бүгінгі заманғы әлемде ең маңызды болып табылады, бірақ әр нәрсенің екінші тұсы бар екенін білеміз.
Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдердің денсаулыққа әсерін анықтау әлі зерттеліп біткен жоқ. Әзірге анықталғаны – гені түрлендірілген өнім зат алмасу процесін бұзып, имунитетті төмендетеді. Өте қауіпті аллергиялық реакциялар пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар асқазан сілемейлі қабатының құрылымын өзгеріске ұшыратады. Ісік ауруына шалдықтыруда мүмкін. Жасушаларды мутацияға ұшыратады.


Slide 4 - Tekstslide

stopwatch
00:00
Білемін (бұрыннан білетін ақпарат)
Жаңа ақпарат (мәтіннен алынған)
Қосымша сұрақтар (толық түсіну үшін)
1-тапсырма, мәтінді түртіп алу стратегиясы арқылы кестені толтыр

Slide 5 - Tekstslide

Дескриптор:
-мәтінді түсініп оқиды;
-білемін бағанын толтырады;
-жаңа ақпарат бағанын толтырады;
-қосымша сұрақтар бағанын толтырады;

Slide 6 - Tekstslide

Мезгіл бағыныңқы сабақтас. 
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісінде айтылған іс екіншісінде айтылған істің мезгілін білдіретін құрмаластың түрі мезгіл бағыныңқы сабақтас деп аталады.
Мезгіл бағыныңқы сабақтастың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары қашан, қашанға дейін, қашаннан бері, қай кезде? деген сұрақтарға жауап береді. 

Slide 7 - Tekstslide

 Мезгіл бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауышы төмендегідей жолдармен байланысады:
1) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке -ша/ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Жиналыс аяқталғанша (қашан?), тізім жасалып та болды.
2) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке жатыс септік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Бір күні Құрмаш Көксерекке ас беріп тұрғанда (қашан?), қара ала төбет Көксерекке ұмтылды.
3) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке соң, кейін, сайын, бері, шейін септеулік шылауларының қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Күшік ауылға келген соң (қашан?), екі күннен кейін көзін ашты.
4) -ған/ген, -қан/кен есімше тұлғалы етістікке кезде, шақта, уақытта мезгіл мәнді көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Әбден қас қараюға айналған уақытта (қашан?) Көксерек жалғыз өзі ауылға келді.
5) -ғалы/гелі, -қалы/келі көсемше тұлғалы етістік арқылы жасалады. Мысалы: Жазғы демалысқа шыққалы (қашаннан бері?), тек дене еңбегімен айналысып жүр.
6) -са/се шартты райдың жұрнағы және -ысымен/ісімен деген қосымшаның жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Ұлпа уәделі жерге келсе (қашан?), аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ. Қыс басталысымен (қашан?), Ораз да аңға шығуға дайындалады.















Slide 8 - Tekstslide

2 тапсырма,Сөйлемдерді толықтырып,сөйлем мүшелеріне талда
1 Биыл қар қалың жауғандықтан, ...
2 Ауылдан ата-әжем келген соң, ...
3 Ол ойын жеткізіп айта алмай, ...
4 Гендік инженерия пайда болған соң,...
5 Гендік инженерия дамығандықтан, ...
 

Slide 9 - Tekstslide

Үй тапсырмасы:
“Гендік Модификацияланған өнімдерден мүлдем бас тарту керек пе?”
тақырыбында аргументті эссе жазыңдар. Сөз
саны – 80-100.

Slide 10 - Tekstslide

1.Сабақтас құрмалас сөйлем қандай
сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.
A
Жай, күрделі.
B
Бұйрықты, сұраулы.
C
Бағыныңқы, басыңқы.
D
Сұраулы, лепті.

Slide 11 - Quizvraag

2.Құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Мұғалім айтқан кезде ғана, ол жаза бастады.
A
Мезгіл.
B
Қарсылықты.
C
Қимыл-сын.
D
Шартты.

Slide 12 - Quizvraag

3.Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.
A
Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды.
B
Үлкендер төрде отыр, жастар босағада.
C
Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.
D
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей.

Slide 13 - Quizvraag

4.Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
A
Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді келеді.
B
Бәкен екі-үш күнге шейін үй қорасын көрмеді.
C
Балалары тілін алмай, араздаса беріпті.
D
Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды.

Slide 14 - Quizvraag

5.Мезгіл бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
A
Мен айтсам, қарысып тыңдамайды.
B
Бай долданып өз сақалын өзі бытырлатып жұлғанда, тұла бойы тік тұрды.
C
Таңертеңнен бері Алматының аспаны ашылмай, жаңбыр төпеп жауып тұр.
D
Аяғының сырқырағаны басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырады.

Slide 15 - Quizvraag