ұлпан

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар
1 / 16
volgende
Slide 1: Tekstslide

In deze les zitten 16 slides, met tekstslides en 3 videos.

Onderdelen in deze les

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар

Slide 1 - Tekstslide

Іс-шараның мақсаты:

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты викториналық ойын түрінде өтетін іс-шараның басты мақсаты – 9-сынып оқушыларының интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру және жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін нығайту.

Сондай-ақ, бұл іс-шара оқушылардың топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге, өзара бәсекелестік арқылы білімдерін сынап, өзін-өзі дамытуға ықпал етеді. Ойын барысында әртүрлі пәндер бойынша сұрақтар қойылып, қатысушылардың жан-жақты білімін тексеру көзделеді.

Slide 2 - Tekstslide

Міндеті:
Логикалық ойлауды дамыту: 
Шапшаң әрі дәл жауап беруге дағдыландыру арқылы оқушылардың аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3. Интеллектуалдық бәсекелестік қалыптастыру: Оқушылардың өзара білім сайысына түсіп, жеңіске деген құлшынысын арттыру
4. Топтық жұмысқа үйрету: Бірлесіп жұмыс істеу, пікір алмасу және стратегия құру дағдыларын дамыту.
5. Өзін-өзі дамытуға ынталандыру: Оқушыларды ізденуге, өз білімдерін жетілдіруге және жаңашылдыққа ұмтылуға баулу.
6. Мотивация беру: Оқу мен білімге деген қызығушылықты арттыру арқылы оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайту.
7. Қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау: Ойын барысында қазақтың тарихы, тілі, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты сұрақтар қою арқылы оқушылардың рухани дамуына ықпал ету.

Slide 3 - Tekstslide

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" викториналық ойынының топ ережесі:
1. Ынтымақтастық: Топ мүшелері бір-біріне құрметпен қарап, бірлесіп жұмыс істеуі қажет.
2. Тең мүмкіндік: Әр қатысушының ойынға белсенді қатысуына мүмкіндік беріледі.
3. Уақытты сақтау: Берілген сұрақтарға белгіленген уақыт ішінде жауап беру керек.
4. Әділдік: Ойын барысында ережелерді бұзбау, әділ бәсекелестік қағидаларын ұстану.
5. Тыныштық сақтау: Топ ішіндегі талқылау барысында өзге топтарға кедергі келтірмеу.
6. Капитанның рөлі: Топ капитаны жауаптарды үйлестіреді, бірақ шешім қабылдау бүкіл топ мүшелерінің ортақ пікірі негізінде жүзеге асады.
7. Қарсыластарға құрмет: Өзге топтардың жауабын мазақтамау, пікірлерін сыйлау.
8. Жеңісті дұрыс қабылдау: Жеңіске жеткенде мақтаншақтық танытпау, ал жеңілісті сабырмен қабылдап, алдағы ойындарға дайындалу.

Slide 4 - Tekstslide

            1 кезең
"Жүзден жүйрік" кезеңі.

Slide 5 - Tekstslide

Берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер тауып жазындар. Мысалы: "Білім"
Білім инемен құдық қазғандай...
Қай топ көп мақал жазады, балы көбейеді.


Slide 6 - Tekstslide

Тақырып
1.Табиғат туралы
2.Адамгершілік игі қасиеттер
3.Уақыт
4.Отбасы,бауырлар
5.Төрт түлікке байланысты

Slide 7 - Tekstslide

2 кезең
Кино-фильм кезеңі

Slide 8 - Tekstslide

Бұл кезең бойынша Қазақстанда түсірілген қазақтың әдеби шығармалары негізіндегі кино,фильмдердің үзінділері көрсетіледі. Жарысқа түсуші топтар осы филімдердің
1. Атын
2. Кімнің шығармасының желісі бойынша түсірілгенін,яғни, авторын табу.
3. Авторға қысқаша тоқталу
( Режиссеры мен кинодағы басты кейіпкердің аты-жөнін жазу және сипаттау бонус ұпайларға ие болады)

Slide 9 - Tekstslide

Slide 10 - Video

Slide 11 - Video

Slide 12 - Video

3 кезең
Салт пен сана кезеңі

Slide 13 - Tekstslide

Ол қазақи салт - дәстүрлердің, ырымдардың, тиымдардың қолданылуы, мән-мағынасы, сипаттамасы туралы болады.

1-топқа "Екі жастың шаңырақ көтеруге дейінгі,кейінгі кезеңдеріндегі орындалатын салт-дәстүрлер,ырымдар,тиымдар туралы толық қамтып плакатты толтыру. 

2 топқа "Баланың туылғаннан ержеткенге дейінгі аралықтағы жасалатын салт дәстүрлер,ырымдар,тиымдар" туралы толық қамтып плакатты толтыру.

Slide 14 - Tekstslide

4 кезең
Кітап алтын қазына кезеңі

Slide 15 - Tekstslide

Бұл кезең бойынша оқушылардың өткен тақырыптарға шолу жасауын көздей отырып, "Құлагер", "Шұғаның белгісі ", "Ұлпан" романдарынан сұрақтар қойылады.  
Сұрақ "Шар", "Кейіпкерден хат" сияқты 3 түрлі көрнекілікпен өтеді. 

Slide 16 - Tekstslide