This lesson contains 15 slides, with interactive quizzes, text slides and 1 video.
Items in this lesson
VI бөлім: Қиял әлемі
Бала қиялы. Деректі, дерексіз зат есімдер
Сабақтың тақырыбы:
Slide 1 - Slide
Сабақтың мақсаты
5.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
Slide 2 - Slide
Қиял - шексіз дүние
Бала қиялы
Slide 3 - Slide
Қиял дегеніміз– тек адамға ғана тән психикалық процесс. Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта көрмеген нәрселерді де санамызға бейнелей аламыз. Мысалы, өткен заман туралы кітап оқығанда, не өзіміз көрмеген алыстағы бір елдер туралы әңгіме тыңдағанда бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл – қиял процесінің жемісі. Қиялдың адам қажетіне асуы, оның шындықпен байланысты болып келуі адамға ерекше қанат бітіріп, ілгері өрлеуіне себепші болады. Халық «Қыран жетпеген жерге қиял жетеді» деп өте тауып айтқан. Армансыз адам болмайды. «Армансыз адам – ормансыз бұлбұл» дейді. Кез келген адамның арманы бар. Арман адамды алға жетелейді. Арманшыл адам жолындағы кез келген сәтсіздікті, кедергіні жеңе біліп, арманына жетуге талпынады. Мысалы, Ы. Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесінің кейіпкері Антон бай болуды армандамаса да, басқалардың көрсеткен жолын таңдап, айтқан ақылын тыңдап, талпынып, соңында табысқа жетеді. Сондықтан «ол мүмкін емес, арманым бәрібір орындалмайды» деп қайғыға салынбай, алға ұмтылу керек. Егер талабың болса, ерінбей еңбектенсең, армандар орындалатынына сенемін.
Slide 4 - Slide
Қиял дегеніміз не және оның адам психикасындағы рөлі қандай?
timer
0:15
A
Қиял адамның ерекше қанат бітіріп, ілгері өрлеуіне себепші болады
B
Арманшыл адам әртүрлі кедергілер мен сәтсіздіктерді жеңе отырып, мақсаттарына жетуге талпынады
C
Қиял – тек адамға тән психикалық процесс. Бұл процесс арқылы адам бұрын ешқашан көрмеген нәрселерді санасында бейнелей алады.
D
Егер талабың болса, ерінбей еңбектенсең, армандар орындалатынына сенемін
Slide 5 - Quiz
Қиял адамның өміріне қандай әсер етеді?
timer
0:15
A
Қиял – тек адамға тән психикалық процесс
B
Қиял адам өмірінде ерекше қанат бітіріп, ілгері өрлеуіне себепші болады.
C
Арманшыл адам жолындағы кез келген сәтсіздікті, кедергіні жеңе біліп, арманына жетуге талпынады
D
«Ол мүмкін емес, арманым бәрібір орындалмайды» деп қайғыға салынбай, алға ұмтылу керек.
Slide 6 - Quiz
Халықтың "Қыран жетпеген жерге қиял жетеді" деген мақалында қандай ой жатыр?
timer
0:15
A
Қиялдың шексіз мүмкіндігі мен адамның арманына қанат бітіретін қуатын көрсетеді.
B
Арманшыл адам әртүрлі кедергілер мен сәтсіздіктерді жеңе отырып, мақсаттарына жетуге талпынады.
C
Басқа адамдардың көрсеткен жолын таңдап, ақылдарын тыңдап, жұмыс істей отырып, табысқа жетеді
D
Қиял адамның шындықпен байланысын сақтай отырып, оны алға жетелейді.
Slide 7 - Quiz
Айналадағы заттар мен құбылыстардың адамға танылуы әрқалай. Олардың бірін қолмен ұстап, көзбен көруге болады, ал енді бірін оймен, ақылмен ғана сезіп білеміз. Осындай ерекшелігіне байланысты зат есімдер деректі және дерексіз болып бөлінеді.
Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Мыс: парта, кітап, сөмке
Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс не ұғым атаулары дерексіз зат есім деп аталады. Мыс: бақыт, ақыл, адамгершілік, білім
Slide 8 - Slide
Slide 9 - Video
Не себепті ертегі мен өлеңдерде адам қиялы суреттеледі?
Slide 10 - Open question
"Егер сиқырлы қаламың болса не істер едің...?"
Slide 11 - Mind map
5-тапсырма. Мәтіннен деректі, дерексіз зат есімдерді теріп жазыңдар
«Шіркін, сиқырлы қаламым болса ғой...» деп армандаймын. Қазіргі кезде экологиямыз күн өткен сайын нашарлап, табиғатта аң-құс азайып бара жатқаны байқалады. Осындайда, сиқырлы қаламым болса неше алуан құстарды, өсімдіктерді салып, соларды тірілтіп ұшыратындай қабілетім болса деймін. Табиғатты бұдан да әсем бейнеге келтіріп, тірілтіп қойсам, адамдарға көп қуаныш сыйлай алам деп ойлайым. Қиял деген керемет дүние ғой, шіркін, көзді ашып жұмғанша айды алақаныңа қондырасың...
Атамның айтуынша, қиял – қабілеттің қанаты екен. Қиялға беріле алсаң ерекше дүниелер сала аласың дейді. Есейген сайын осы сөздің төркінін түсініп келе жатқандаймын. Сиқырлы дүниелердің бәрі – адам жан дүниесінде туылады емес пе. Тек сол сиқырлы дүниелерді сол күйінде сыртқа шығара алу – өнердің өнері.