Жүзден жүйрік

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар
1 / 15
next
Slide 1: Slide

This lesson contains 15 slides, with text slides.

Items in this lesson

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар

Slide 1 - Slide

Іс-шараның мақсаты:

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты викториналық ойын түрінде өтетін іс-шараның басты мақсаты – 9-сынып оқушыларының интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру және жылдам әрі дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін нығайту.

Сондай-ақ, бұл іс-шара оқушылардың топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіруге, өзара бәсекелестік арқылы білімдерін сынап, өзін-өзі дамытуға ықпал етеді. Ойын барысында әртүрлі пәндер бойынша сұрақтар қойылып, қатысушылардың жан-жақты білімін тексеру көзделеді.

Slide 2 - Slide

Міндеті:
1.Логикалық ойлауды дамыту: 
2.Шапшаң әрі дәл жауап беруге дағдыландыру арқылы оқушылардың аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3. Интеллектуалдық бәсекелестік қалыптастыру: Оқушылардың өзара білім сайысына түсіп, жеңіске деген құлшынысын арттыру
4. Топтық жұмысқа үйрету: Бірлесіп жұмыс істеу, пікір алмасу және стратегия құру дағдыларын дамыту.
5. Өзін-өзі дамытуға ынталандыру: Оқушыларды ізденуге, өз білімдерін жетілдіруге және жаңашылдыққа ұмтылуға баулу.
6. Мотивация беру: Оқу мен білімге деген қызығушылықты арттыру арқылы оқушылардың болашаққа деген сенімін нығайту.
7. Қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау: Ойын барысында қазақтың тарихы, тілі, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты сұрақтар қою арқылы оқушылардың рухани дамуына ықпал ету.

Slide 3 - Slide

"Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" викториналық ойынының топ ережесі:
1. Ынтымақтастық: Топ мүшелері бір-біріне құрметпен қарап, бірлесіп жұмыс істеуі қажет.
2. Тең мүмкіндік: Әр қатысушының ойынға белсенді қатысуына мүмкіндік беріледі.
3. Уақытты сақтау: Берілген сұрақтарға белгіленген уақыт ішінде жауап беру керек.
4. Әділдік: Ойын барысында ережелерді бұзбау, әділ бәсекелестік қағидаларын ұстану.
5. Тыныштық сақтау: Топ ішіндегі талқылау барысында өзге топтарға кедергі келтірмеу.
6. Капитанның рөлі: Топ капитаны жауаптарды үйлестіреді, бірақ шешім қабылдау бүкіл топ мүшелерінің ортақ пікірі негізінде жүзеге асады.
7. Қарсыластарға құрмет: Өзге топтардың жауабын мазақтамау, пікірлерін сыйлау.
8. Жеңісті дұрыс қабылдау: Жеңіске жеткенде мақтаншақтық танытпау, ал жеңілісті сабырмен қабылдап, алдағы ойындарға дайындалу.

Slide 4 - Slide

Сайыстың барысы:
1 кезең: "Жүзден жүйрік" кезеңі
2 кезең: "Кино-фильм" кезеңі
3 кезең:"Салт пен сана" кезеңі
4 кезең:"Кітап алтын қазына" кезеңі
5 кезең:Қорытынды

Slide 5 - Slide

            1 кезең
"Жүзден жүйрік" кезеңі.

Slide 6 - Slide

Берілген тақырыптар бойынша мақал-мәтелдер тауып жазындар. Мысалы: "Білім"
Білім инемен құдық қазғандай...
Қай топ көп мақал жазады, балы көбейеді.


Slide 7 - Slide

Тақырып
1.Табиғат туралы
2.Адамгершілік игі қасиеттер
3.Уақыт
4.Отбасы,бауырлар
5.Төрт түлікке байланысты

Slide 8 - Slide

2 кезең
"Кино-фильм" кезеңі

Slide 9 - Slide

Тапсырма: Қазақстанда түсірілген қазақтың әдеби шығармалары негізіндегі кино,фильмдердің үзінділері көрсетіледі. Берілген филімдердің
1. Атын
2. Кімнің шығармасының желісі бойынша түсірілгенін,яғни, авторын табу.
3. Авторға қысқаша тоқталу

timer
3:00

Slide 10 - Slide

3 кезең
"Салт пен сана" кезеңі

Slide 11 - Slide

Ол қазақи салт - дәстүрлердің, ырымдардың, тиымдардың қолданылуы, мән-мағынасы, сипаттамасы туралы болады.

1-топқа "Екі жастың шаңырақ көтеруге дейінгі,кейінгі кезеңдеріндегі орындалатын салт-дәстүрлер,ырымдар,тиымдар туралы толық қамтып плакатты толтыру. 

2 топқа "Баланың туылғаннан ержеткенге дейінгі аралықтағы жасалатын салт дәстүрлер,ырымдар,тиымдар" туралы толық қамтып плакатты толтыру.

Slide 12 - Slide

4 кезең
"Кітап алтын қазына" кезеңі

Slide 13 - Slide




Бұл кезең бойынша оқушылардың өткен тақырыптарға шолу жасауын көздей отырып, "Құлагер", "Шұғаның белгісі ", "Ұлпан" романдарынан сұрақтар қойылады.  
 

Slide 14 - Slide

5 кезең:Қорытынды

Slide 15 - Slide