Деректер типі.
Деректер қоры деректердің келесідей типтерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді:
Текстік – әдеттегі, форматталмаған, ұзындығы шектелген (255 символға дейін) тексті сақтау үшін қолданылатын деректер типі;
Мемо өрісі – үлкен көлемді текстерді сақтауға арналған деректердің арнайы типі; Текст өрістерде сақталмайды. Ол деректер қорының басқа жерінде сақталады, ал өрісте оған сілтеме беріледі;
Сандық – нақты сандарды сақтауға қолданылатын деректер типі;
Күн/уақыт – күнтізбелік күндерді және ағымдағы уақытты сақтауға арналған деректер типі;
Қаржылық – қаржылық соманы сақтау үшін қолданылатын деректер типі;
Есепші (счетчик) – жазбаларды ретті түрде нөмірлеуге қолданылатын арнайы деректер типі;
Логикалық – логикалық деректерді сақтауға арналған тип (иә немесе жоқ деген екі мәнді ғана қабылдай алады);
OLE объектісі өрісі – OLE объектілерін (мысалы, мультимедиалық) сақтауға арналған деректердің арнайы типі;
Гиперсілтеме – URL Web адрестерін - Интернет объектілерін сақтауға арналған арнайы өріс; Интернет файлдарды қарап шығу үшін арнайы программа жұмыс істеуі қажет. Жұмыс барысында гиперсілтемелер басқа түспен боялып көрсетіліп тұрады;
Шебер – белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттер жиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны