1 Интерактивті оқу процесі: платформа оқушыларға сабақтарды қызықты әрі интерактивті түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Сабақтар түрлі форматта (тесттер, викториналар, бейнелер және презентациялар) өткізіледі, бұл оқушылардың материалды жақсы түсінуіне көмектеседі;
2. Жеке оқу қарқыны: оқушылар өздеріне ыңғайлы уақытта материалды қайталап, тапсырмаларды орындай алады. Бұл әр оқушының жеке оқу қарқынына сәйкес білім алуға жағдай жасайды;
3. Қызығушылықты арттыру: Lessonup-тың ойын элементтері оқушылардың қызығушылығын арттырып, оларды белсенді қатысуға ынталандырады;
4.Бағалау және кері байланыс: Оқушылар өз нәтижелерін бірден көріп, қатесін түзетуге мүмкіндік алады. Мұғалімдер де оқушылардың үлгерімін бақылап, дер кезінде кері байланыс бере алады;
5.Әртүрлі оқу материалдары: Lessonup әртүрлі форматтағы оқу ресурстарын біріктіреді, бұл оқушыларға материалды оңай және қызықты қабылдауға жағдай жасайды;
6. Топтық жұмысқа мүмкіндік: Сабақтарда топтық жұмыс ұйымдастырып, оқушылар арасында ынтымақтастықты дамытуға болады.