Дәстүрлі түрде өтетін сабақ – бүкіл класспен өтетін сабақ барысында
мұғалім білім беріп, жаңа материалды бекіту негізінде қайталау арқылы
оқушылардың икемділігі мен дағдыларын қалыптастырады.
Мұғалімнің басты қызметі:
Жүйелі түсіндіру;
әрекеттерді көрсету, қорыту;
оқушылардың жұмысын бағалау;
тапсырманы реттеу және түзету.
Оқу технологиясы бірқатар маңызды да да ұтымды тұстарымен еленеді,
олар:
үнемді болғандығы;
күрделі түсінуді жеңілдетуі;
білім-тәрбие процесін тиімді басқаруды қамтуы;
жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануға икемді келуі.
Сонымен бірге дәстүрлі технологияның да өз кемшіліктері жетерлік –
оқу процесін дараландыру мен жіктеуге мүлдем ыңғайсыз, білім
алушылардың ойлау қабілетін дамытуда кемшіліктер аз емес.