Шығанақ Берсиев. Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы "Құрман" колхозының звено жетекшісі, тары өсірудің әйгілі шебері. Ол әуелі "Құрман" колхозында мұрап, 1938 жылдан звено жетекшісі болып істеді. Шөлейтті аймақтың ауа райына қарамастан, ұзақ жыл бойы Берсиев тарыдан мол өнім алды.
Шығанақ Берсиев (1881 —1944 жж.) Асан қайғы бабамыз "Ойыл көздің жасы еді, Ойылда кеңес қылмадың, Ойылдан елді көшірдің..." деп Жәнібек ханға зілді сөйлеп, Ойылдың орны бөлек екенін айғақтады. Осы Ойыл өңірінен шыққан текті тұлғаның бірі — Шығанақ Берсиев.