2-тапсырма. 4 қатар және 2 бағаннан тұратын түстер кестесін құрыңдар.
Кестедегі қоршаудың ені – 1 пиксель. Блокнот программасында төменде
көрсетілген тегтерді жазып, «index5.html» атымен сақтаңдар. Қазақ
қаріптері web-бетте дұрыс көрінуі үшін сақтау терезесінің Кодировка
жолағынан Юникодты таңдау керек (2-сурет).