Your first lesson

Сын есімнің түрленуі
Құрамына қарай
Дара сын есім
Күрделі сын есім
Негізгі сын есім: жақсы
Туынды сын есім:ашық есік
Бірігу арқылы жасалған:көкпеңбек
( көк  пен көк  )
Қосарлану арқылы жасалған: қызылды-жасылды
сап-сары
Сөздердің  тіркесуі арқылы жасалған:           хас сұлу
Мағынасына қарай
1 / 22
next
Slide 1: Drag question
LessonUpPrimary EducationLower Secondary (Key Stage 3)Upper Secondary (Key Stage 4)

This lesson contains 22 slides, with interactive quizzes and text slides.

time-iconLesson duration is: 15 min

Items in this lesson

Сын есімнің түрленуі
Құрамына қарай
Дара сын есім
Күрделі сын есім
Негізгі сын есім: жақсы
Туынды сын есім:ашық есік
Бірігу арқылы жасалған:көкпеңбек
( көк  пен көк  )
Қосарлану арқылы жасалған: қызылды-жасылды
сап-сары
Сөздердің  тіркесуі арқылы жасалған:           хас сұлу
Мағынасына қарай

Slide 1 - Drag question

Мағынасына қарай
Сапалық сын есім
Қатыстық сын есім
Негізгі түбір сын есім: ақ,әсем,көк
Туынды түбір:бақытты, әсемпаз,зерлі

Slide 2 - Drag question

Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.Қатыстық сын есімдер жұрнақтар жалғану арқылы басқа есімдер менетістіктерден жасалады да, заттың әртүрлі  белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы : Бала+лы үй -базар,бала+сыз үй -мазар ;Үйге ат+ты адам келді. Біз көктем+гі  демалысқа шығамыз.
Text

Slide 3 - Drag question

Сапалық сын есімдер деп  мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын ешқандай қосымшасыз-ақ білдіретін сөздерді айтамыз. Мысалы: ақ көйлек, жеңіл көйлек,жібек көйлек .
 

Slide 4 - Drag question

-лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті
таулы,өнерлі,орманды
-сыз,-сіз
ормансыз,еңбексіз
-ғы,-гі,-қы,-кі
қысқы,төменгі,ішкі,жазғы
Туынды сын есімнің жасалуы
Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар:
-дай,-дей-тай,-тей үкідей ,жолбарыстай
-кер,-гер
найзагер,табыскер
-қой,-қор
әзілқой,еңбекқор
--лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік балалық,адамдық
-шыл,-шіл   ойшыл,еңбекшіл
-шаң-шең
 ашушаң,көйлекшең

Slide 5 - Drag question

Етістіктен  сын есім жасайтын жұрнақтар:
-ғақ,-гек,-қақ,-кек,-ақ-ек жабысқақ,тайғақ,бөлек
-ық,-ік,-к,-қ
тұнық ,сирек
-ғыш-гіш,-қыш,-кіш жүзгіш, айтқыш,жазғыш
-ғыр,-гір,-қыр,-кір алғыр,білгір,тапқыр
-шақ,-шектартыншақ,сүріншек
-ыңқы,-іңкі,-ңқы,-ңкі басыңқы,салбыраңқы
-ынды,-інді,-нды,-нді жуынды, үйінді, жасанды
-малы,-мелі,-палы,-пелі көшпелі,асырмалы 
-ымды,-імді,-мды,-мді төзімді,қонымды

Slide 6 - Drag question

түзу мылтық
ұшқыр құс
жүйрік ат
мақтаншақ жігіт
ұрыншақ ат
еліңде кәрі болса
Ит жүгіртіп ,құс салсаң ,әуейі боларсың.
Ұрыншақ ат жаз жарға жығар,қыс қарға жығар.
Жақсының жағасынан алма,өрісің тарылар.
Сын есім

Slide 7 - Mind map

                                    Қарап отырғанша ,бір нәрсеге жарап отыр
Белгілі батыр әрі шешен Шақшақ Жәнібек  Төле биге сәлем бере келіп:
- Түзу мылтық,ұшқыр құс,жүйрік ат, мақтаншақ жігіт,ұрыншақ ат жидым.Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік құрайын ба? Еліңде кәрің болса,жазулы хатың деуші еді,ақыл сұрай келдім,-депті . Сонда Төле би: 
" Өгізді  өрге салма қанатың талар,наданға көзіңді салма,сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа,сенімің  кетер,дұшпанға  сырыңды айтпа, түбіңе жетер.Жақсының  жағасынан алма,өрісің тарылар. Қару жисаң,мылтық жи,жаяу жүрсең -таяқ,қарның  ашса -тамақ. Ит жүгіртіп ,құс салсаң ,әуейі боларсың .Ұрыншақ ат жаз  жарға жығар ,қыс қарға жығар. Тымау түбі -құрт болар,тұман түбі -жұт болар. Елге бай құт емес, би құт.Қабырғадан қар жауса атан менен нарға күш ,ел шетіне жау келсе батырлар мен биге күш. Қарап отырғанша ,бір нәрсеге жарап отыр,кәсіп болмай, нәсіп болмас. Менен ақыл сұрасаң ,айтарым ,осы " деген екен.

Slide 8 - Slide

   Жаман мен жақсы туралы ата-бабаларымыздың айтқандарын оқи отырып,өздерің қандай мінез-құлықтарды жаман, қандай мінез құлықтарды жақсы деп есептейсіңдер ,өз ойларыңды ортаға салып көріңдер.

Slide 9 - Slide

Жамандар -өтірікші өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі  салар  арасына-ай
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елдің еркесіндей
...Жақсы жігіт  сөзіне сақ тұрады,
Қыранның  қырдан байқар баласындай
                                                           (  Сүйінбай ) 

Slide 10 - Drag question

Өңкей жақсы қосылса,
Бітіреді кеңесті.
Өңкей жаман қосылса,
Шығарады егесті.
Мәмілемен іс бітер,
Бас қосып  қалса көп есті.
Жақсының жолы -жарық күн,
Жаманның жолы-көмескі.
                                                             (  Майлықожа)

Slide 11 - Drag question

Quiz
Сын есімнің мағынасы қандай?
A
Екеу
B
Бесеу
C
Алтау
D
Төртеу

Slide 12 - Quiz

Туынды сын есімді табыңдар
A
Жақсы
B
Алыс
C
Асыранды
D
Жасыл

Slide 13 - Quiz

Сапалық сын есімдерді табыңдар
A
аппақ,сап-сары,жақсы
B
ақылды, ойлы, таулы
C
ұзын бойлы,кең иықты ,арқар мүйізді
D
күзгі,елсіз, боранды

Slide 14 - Quiz

Негізгі сын есімді табыңдар
A
Көмірдей
B
Жайлаудай
C
Сары
D
Сүтті

Slide 15 - Quiz

Негізгі сын есімді тап
A
Шыдамды
B
Батыл
C
Адам
D
Рухани

Slide 16 - Quiz

Сын есімдердің бірінші синонимдерін,одан кейін  антонимдерін табыңдар.

Өнегелі,ақылды, жалқау,

Slide 17 - Drag question

Мақал-мәтелден сын есімді тап.Өткір пышақ қынға қас, өтірік сөз жанға қас
қас
жан
сөз
өтірік

Slide 18 - Poll

Сын есім туралы не білесіз немесе не білемін деп ойлайсыз?
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім

Slide 19 - Poll

Жаз
сүт
бұзау
ою
тау
сөз
қырат
Берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңдар

Slide 20 - Mind map

Берілген сын есімге лайықты зат есім тіркеп жаз.
Ақылды  ,білімді,сабырлы,сөзшең,асау,пысық,жалқау

Slide 21 - Drag question

Бір сын есімге ,бірнеше зат есім.Бір зат есімге бірнеше сын есім
Қызық
              Ән

Slide 22 - Drag question