Тапсырма 1. Еркін және еріксіз тербелістердің шарттарын анықтау
Тапсырма: Төменде берілген жағдайларға еркін немесе еріксіз тербелістердің қайсысы сәйкес келетінін анықтаңыз:
1. Серіппеге ілінген жүктің бастапқы ығысуынан кейін тоқтаусыз қозғалысы.
2. Автомобильдің қозғалуы кезінде аспаның тербелуі.
3. Радиоқабылдағыштың антеннасы электромагниттік толқындарды қабылдау кезінде.
4. Метрономның тұрақты жиіліктегі дыбыс шығарып тұруы.
Жауап нұсқалары: а) Еркін тербеліс
b) Еріксіз тербеліс