Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi

Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi

Мақсаты:
8.3.2.1 – дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау
1 / 27
next
Slide 1: Slide

This lesson contains 27 slides, with interactive quizzes and text slides.

Items in this lesson

Ішкi энергия, ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi

Мақсаты:
8.3.2.1 – дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау

Slide 1 - Slide

Топпен жұмыс
1-топ: Ішкі энергияның анықтамасы және кинетикалық энергия.

2-топ: Жұмыс жасау арқылы ішкі энергияның өзгеруі.

3-топ: Жылу алмасу арқылы ішкі энергияның өзгеруі.

Slide 2 - Slide

Жұптық жұмыс
 1- жұп: бірінші оқушы, жылу алмасу арқылы ішкі энергияны өзгертуді тәжірибеде көрсетеді, екіншісі түсіндіреді. 
• Тапсырма: Бір ыдысқа ыстық су құйып, оған металл қасық салыңыз. Біраз уақыттан кейін қасықтың температурасын тексеріңіз. Не байқадыңыз? Жылу алмасу арқылы ішкі энергияның өзгеруін түсіндіріңіз.
 2- жұп: бірінші оқушы, механикалық жұмыс арқылы ішкі энергияны өзгертуді көрсетеді, екіншісі түсіндіреді. 
Тапсырма:  Жұқа металл пластинаны тез-тез майыстыру. Не байқадыңыз?

Slide 3 - Slide

Жеке жұмыс
1. Қолды ысқылап, оны ішкі энергияның өзгеруімен байланыстыру.
2. Ыстық шайға қасық салғанда не болатынын сипаттау.
3.Механикалық жұмыс жасау арқылы ішкі энергияның қалай өзгеретінін түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.
4.Жылу алмасу арқылы ішкі энергияның қалай өзгеретінін түсіндіріңіз. Мысал келтіріңіз.
5.Температура мен ішкі энергияның арасындағы байланысты түсіндіріңіз. Неге температура артқанда ішкі энергия да артады?

Slide 4 - Slide

Мәтін
Ішкі энергия дегеніміззаттың барлық молекулаларының кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы. Молекулалардың кинетикалық энергиясы олардың қозғалысына, ал потенциалдық энергиясы молекулалардың өзара орналасуына байланысты. Ішкі энергияны өзгерту екі негізгі тәсілмен жүзеге асады: механикалық жұмыс жасау арқылы және жылу алмасу арқылы.   Бұл тәсілде сыртқы күш әсерінен молекулалардың қозғалысы немесе олардың өзара орналасуы өзгереді. Мысалы, резеңке бауды созғанда оның ішкі энергиясы артады, өйткені молекулалардың потенциалдық энергиясы артады.Бұл тәсілде жылу бір денеден екінші денеге беріледі. Мысалы, ыстық суға суық қасық салғанда, ыстық судың энергиясы қасыққа беріледі. Бұл процесте су суыса, қасық қызады, яғни олардың ішкі энергиялары өзгереді.

Slide 5 - Slide

Ішкі энергия дегеніміз не?
A
Молекулалардың тек кинетикалық энергиясы
B
Молекулалардың тек потенциалдық энергиясы
C
Молекулалардың кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы
D
Молекулалардың электрлік энергиясы

Slide 6 - Quiz

Жылу беру дегеніміз не?
A
Энергияның бір денеден екінші денеге жылу алмасу процесі
B
Жұмыс істеу арқылы энергия беру
C
Жүйенің көлемін өзгерту арқылы энергия беру
D
Жүйенің температурасының өзгеруі

Slide 7 - Quiz

Жылу беру және жұмыс істеу қандай энергияның түрлері?
A
Сыртқы энергия
B
Ішкі энергия
C
Жүйенің жалпы энергиясы
D
Пайдалы энергия

Slide 8 - Quiz

Ішкі энергияны өзгерту үшін қандай әдістер қолданылады?
A
Тек жұмыс істеу
B
Жылу беру және жұмыс істеу
C
Тек қысымды өзгерту
D
Тек жылу беру

Slide 9 - Quiz

Пышақты қайрағанда оның ішкі энергиясы
A
Өзгермейді.
B
Жылу берілу арқылы артады
C
Жылу берілу арқылы кемиді
D
Жұмыс жасау арқылы артады

Slide 10 - Quiz

Ыдыстың біреуіне сиретілген газ, ал екіншісінде сығылғын газ орналасқан. Температурасы бірдей болса, қандай газдың ішкі энергиясы көбірек болады.
A
Ыдыстары бірдей болғандықтан, ішкі энергиялары да бірдей.
B
Ыдыстары мен газдардың темпе-ратуралары бірдей болғандықтан, ішкі энергиялары бірдей.
C
Сығылған газдың ішкі энергиясы көбірек
D
Газдардың температуралары бірдей болғандықтан, ішкі энергиялары бірдей.

Slide 11 - Quiz

Су, мұз немесе су буының массалары бірдей болса, олардың қайсысының ішкі энергиясы ең көп болады?
A
судың ішкі энергиясы ең көп
B
үшеуінің де ішкі энергиясы бірдей
C
будың ішкі энергиясы ең көп
D
мұздың ішкі энергиясы ең көп

Slide 12 - Quiz

Жылу алмасу арқылы ішкі энергияның өзгеруін қандай процесс сипаттайды?
A
Ыстық суға мұз салу
B
Жел соғу
C
Резеңке бауды созу
D
Кітап оқу

Slide 13 - Quiz

Механикалық жұмыс арқылы ішкі энергияны қалай өзгертуге болады?
A
Жылу беру арқылы
B
Сыртқы күш қолдану арқылы
C
Электр тогын өткізу арқылы
D
Дыбысты қолдану арқылы

Slide 14 - Quiz

Ішкі энергияны жылу алмасу арқылы өзгерту мысалын таңдаңыз
A
Қолды ысқылау
B
Резеңке бауды созу
C
Күннің көзіне күйген тері
D
Ыстық шайға қасық салу

Slide 15 - Quiz

1. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері қандай?

Slide 16 - Mind map

2. Жылу алмасу арқылы ішкі энергияның өзгеруіне мысал келтіріңіз

Slide 17 - Mind map

3. Механикалық жұмыс жасау арқылы ішкі энергияның өзгеруіне мысал келтіріңіз.

Slide 18 - Mind map

4. Ішкі энергия дегеніміз не? Оның құрамына қандай энергия түрлері кіреді?

Slide 19 - Mind map

5. Жұмыс жасау арқылы ішкі энергияны өзгерту процесін сипаттаңыз

Slide 20 - Mind map

Иә/Жоқ тапсырмалары

1. Ішкі энергия молекулалардың тек кинетикалық энергиясы
A
Иә
B
Жоқ

Slide 21 - Quiz

2. Жұмыс жасау арқылы ішкі энергияны өзгертуге болады
A
Иә
B
Жоқ

Slide 22 - Quiz

3. Жылу алмасу ішкі энергияның өзгеру тәсіліне жатады.
A
Иә
B
Жоқ

Slide 23 - Quiz

4. Ішкі энергия тек сыртқы күштің әсерінен өзгереді
A
Иә
B
Жоқ

Slide 24 - Quiz

5. Жүйе мен қоршаған орта арасында жылу алмасу кезінде жүйенің ішкі энергиясы өзгермейді.

A
Иә
B
Жоқ

Slide 25 - Quiz

6. Температураның артуы ішкі энергияның артуына әкеледі
A
Иә
B
Жоқ

Slide 26 - Quiz

Slide 27 - Link