Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары

22.11.2024 
Сабақтың тақырыбы:

Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары
1 / 10
suivant
Slide 1: Diapositive
10 Сынып 2 тоқсан Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттарыSecondary Education

Cette leçon contient 10 diapositives, avec quiz interactifs, diapositives de texte et 1 vidéo.

time-iconLa durée de la leçon est: 45 min

Éléments de cette leçon

22.11.2024 
Сабақтың тақырыбы:

Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары

Slide 1 - Diapositive

Оқу мақсаты:
10.2.2.4 -қазақ көшпелі өркениетінің ерекшеліктерін ескере отырып, туыстық принциптердің және рулық құрылымның функционалдық маңызын түсіндіру

Slide 2 - Diapositive

Сабақтың қысқаша мазмұны
Ру-тайпалық ұйым - көшпелі қоғамның негізгі белгісі. Шежіре айту дәстүрі бар ру-тайпалық ұйым кез келген көшпелі қоғамға тән. Рулар мен тайпаларға бөліну көшпелілердің қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарады. Рулар мен тайпалар - патронимиялар, яғни ер адам жағынан ататегі ортақ топтар. Шежіре қатаң түрде әке жағынан есептеліп, баладан әкеге қарай отыз және одан да көп ұрпаққа дейін айтылады. Сондай-ақ патронимиялар (рулар мен тайпалар) иерархиясы улкен және кіші, басты және жанама болып бөлінуі мүмкін.

Көшпелілердегі әке жағынан туыстыққа негізделген ру-тайпалық жүйенің өмір сүруінің басты себебі - ақпарат пен меншікті әкеден балаға беріп отыруында. Көшпелі малшы болу үшін табиғи құбылыстар туралы қажетті ақпараттың бәрін білу қажет. Көшпелілер әлемінде әрбір адам міндетті түрде өз руына, ал ру арқылы тайпаға тиісті болды. Ол ру-тайпалық жүйеден тыс әлеуметтік тұлға ретінде өмір сүре алмады. Сондықтан румен байланыс көшпелілер үшін әрқашанда өте маңызды болды.
Ірі патронимиялардың, яғни тайпалар мен тайпалар одағының шығу тегі мифтік, ал шежіресі аңыздық сипат алады. Шежіре патронимияның барлық мүшесінің шығу тегінің ортақтығын негіздеу қызметін атқарды. Шағын патронимияларда ортақ ататек -нақты тұлға. “Жеті атаны білу -туыс адамдардың үйленуіне салынған тыйымды, яғни экзогамияны сақтау үшін қажет.
Көшпелі ру-тайпалық ұйымның аталған ерекшеліктері қазақтарда да болды. Әрбір қазақ белгілі бір рудың мүшесі болды. Рудың көшіп-қону аймағы атажұрт ретінде қабылданды. Бірнеше ру-тайпаға, ол тайпалар тайпалар бірлестіктеріне бірікті. Тайпалар бірлестіктерін кейіннен жеке хандар басқарды.
Қазақтардағы экзогамия шегі кем дегенде жеті ұрпақты қамтып, «жеті ата» деп аталды. Әрбір қазақ жеті атасының атын білуге тиіс болды. Олардың ұрпақтары туыс болып есептелді және олардың арасындағы некелерге қатаң тыйым салынды.
Қазақтардың этникалық тарихының маңызды сипаты әтникалық-аумақтық бірлестіктерге - жүздерге бөліну болып табылады. Үш жүздің әрқайсысына жайылымдар мен көшіп-қону жолдары бекітіліп берілген. Дереккөздерде қазақ жүздері туралы алғаш ХУІІ ғасырдың бас кезінде айтылады. Қазақ хандығында жүздер жүйесінің көмегімен орасан зор көшпелі аумақты басқару жүзеге асырылды.
Түркі және моңғол көшпелілерінің мемлекеттік құрылымдарына көшпелі ұлыстық жүйені жатқызуға болады. Ол Қазақ хандығында ХУ-ХУІ ғасырларда сақталды. Мемлекет ұлы ханның меншігі ретінде қарастырылып, неғұрлым ұсақ иеліктерге - ұлыстарға бөлінді, оларды сұлтандар басқарды. Ұлыстың барлық адамы елге бірікті. Әрбір ұлыстың көшу аумағы - жұрты болды. Белгілі бір ұлыстың елін құрайтын рулар мен тайпалардың бекітілген аумақтары болды. Ұлыстық жүйе біртіндеп жүздік жүйемен алмасты. Бұл көшіп-қону жүйесіндегі өзгерістермен түсіндіріледі. Ұлыстарда көшпелілердің көпшілігі арбадағы үйлермен көшті және үнемі қозғалыста болып, жылына мың және одан да көп шақырым жол жүрді. Кейін қолданысқа құрастырылмалы киіз үй енді. Қысқа қашықтыққа көшіп-қону шағын туыстас топтар - ауылдармен жүзеге асырыла бастады. Бұл рулардың арасындағы туыстық және шежірелік байланыстарғааумақтық байланыстарды қосты.
Жүздерге бөлінуде әртүрлі үш аумақ - Жетісу, Орталық Қазақстан мен Батыс Қазақстандағы шаруашылық-мәдени үдерістердің ерекшеліктері көрініс тапты. Әртүрлі мәдени аймақтар, әртүрлі көршілермен қатар болу әрбір жүздің белгілі бір мәдени тұрмысын анықтады.
Жүздердің шығу тегін тек аталған факторлармен ғана байланыстырмайды. Жүздердің шығу тегінің кең таралған нұсқаларының бірі «әскери» нұсқа болып табылады: қазақтардың тайпалар одағы Әбілхайыр хандығынан бөлінген соң, өз тәуелсіздігі мен аумағын қорғауға тиісті, хан басқарған әскери-саяси құрылым (Қазақ хандығы) болды. Сондықтан жүздер - сұлтандар басқарған Қазақ хандығының әскери бөлімшелері ретінде қалыптасқан. Жүздердің қалыптасуына саяси, географиялық, шаруашылық-экономикалық және әскери факторлар өз әсерлерін тигізген.







Slide 3 - Diapositive

Slide 4 - Vidéo

Slide 5 - Diapositive

№1 cұрақ
Үш жүздің ерекшеліктері.
A
қоғамдық тұрмысы
B
әртүрлі мәдени ортасы
C
географиялық орналасуы
D
климаттық жағдайы

Slide 6 - Quiz

№2 cұрақ
ХІІІ ғасырдың басында қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқан тайпалар.
A
қыпшақ, оғыз
B
найман, керей
C
моңғол, жоңғар
D
Қарахан, қыпшақ

Slide 7 - Quiz

№3 cұрақ
Қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі.
A
Х–ХІІІ ғғ.
B
ХІV–ХV ғғ.
C
XIII–XIV ғғ.
D
ХV–ХVІ ғғ.

Slide 8 - Quiz

№4 cұрақ
ХV ғасырда қазақ халқының қалыптасу үдерісін жылдамдатқан жағдай.
A
үш жүздің бірігуі
B
Ақ Орданың құрылуы
C
Қазақ хандығының құрылуы
D
Алтын Орданың құлауы

Slide 9 - Quiz

Slide 10 - Lien