Проект на семинар

    Гуманитарлық пәндерді     оқытудағы геймификация:
      ойын арқылы білім
              әлеміне ену



      Бұл презентацияда біз гуманитарлық пәндерді оқытудағы геймификацияның тиімділігі туралы талқылаймыз, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқу процесін қалай жақсартуға болатындығын көрсетеміз
1 / 11
volgende
Slide 1: Tekstslide
Secondary Education

In deze les zitten 11 slides, met interactieve quiz en tekstslides.

time-iconLesduur is: 40 min

Onderdelen in deze les

    Гуманитарлық пәндерді     оқытудағы геймификация:
      ойын арқылы білім
              әлеміне ену



      Бұл презентацияда біз гуманитарлық пәндерді оқытудағы геймификацияның тиімділігі туралы талқылаймыз, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқу процесін қалай жақсартуға болатындығын көрсетеміз

Slide 1 - Tekstslide

Slide 2 - Link

        ҚР-ның «Білім туралы» Заңының 
11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникация- лық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістік құру енгізілуде. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. 

Slide 3 - Tekstslide

Геймификацияның
анықтамасы
       Геймификация (ағ.gamification) дегеніміз – ақпаратты ойын арқылы жеткізу әдісі, яғни ойын элементтерін ойын емес контекстерде қолдану. Геймификация - ойын элементтерін қолдану арқылы, білім беру процестерін жақсарту. Қазіргі уақытта бұл әдіс оқытудың тиімділігін жоғарылату, оқушылардың мотивациясын, арттыру, ынталандыру, қызықтыра оқыту және әртүрлі тапсырмаларды шешу мақсатында  кеңінен қолданылып жүр

Slide 4 - Tekstslide

         Геймификация бүгінде жаһандық білім саласындағы үрдіске айналып келеді. Геймификация – мұғалімнің де жұмыс процесін жеңілдететін құрал. Ойын арқылы балаға материалды жеңіл түсіндіруге болады, білімге деген құштар-лығын, ынтасын арттырады. Мұғалімнің уақытын үнемдеп, әр баламен жеке жұмыс істеуге көмектеседі. Жауапкершілік балаға беріледі, баланы өз бетінше жұмыс істеуге ынталан-дыру, сол арқылы білімге құштарлығын арттыруға болады. Егер ойындар арқылы баланың өз махаббатын оята алса, мұғалім тек бағыт-бағдар мен оқу керек дереккөздерді ғана береді. Бала жауапкершілік алып, өзі ізденіп оқиды.
    Қазіргі буын – тик-ток, youtube және инстаграмның буыны. Біз қаласақ та, қаламасақ та онлайн өмірге еніп кеткен. Оларға жаңа білімді ескі әдіспен ұсына алмаймыз, заманға сай жаңа құралдарды пайдалану керек. Қазір білім саласы ғана емес, кез келген бизнес, банктер, зауыттар геймифика-цияны қолданады. Өмірімізге геймификация әбден енген. Одан қаша алмаймыз, керісінше өз игілігіміз үшін пайдалану керек

Slide 5 - Tekstslide

Неліктен білімге ойын керек?
timer
2:00

Slide 6 - Open vraag

        Зерттеулерге сүйенсек, ойын өнімділікті 50%-ға, ал ынтаны 60%-ға арттырады екен. Ойын барысында балалар күтпеген жерден ашылады. Мысалы, тыныш отыратын, білімге деген құштарлығы жоқ бала ойын барысында керемет қабілетті және жақсы стратег болып шығуы мүмкін. Ойын арқылы білімге құштарлығы оянып, өзін-өзі бағалауы артады, нәтижесінде оқушы білімге ұмтылады.          
       Сондықтан, оқушының пәнге деген қызығушылығын, мотивациясын, сабақтың тақырыбын тереңірек түсінуі және танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында геймификацияны қолдану өте тиімді. 

Slide 7 - Tekstslide

Slide 8 - Tekstslide

Slide 9 - Tekstslide

Қандай ойын платформаларын қолданасыздар?

Slide 10 - Tekstslide

Қорытынды: 
геймификацияның болашағы

Оқушының пәнге деген қызығушылығын, мотивациясын, сабақтың тақырыбын тереңірек түсінуі және танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында Геймификацияны қолдану өте тиімді. Геймификация процесінде оқушылар белсенді болады, тіпті күрделі тақырыптың өзін де оқушы қызықты әрі жеңіл түрде қабылдайды. Геймификация - бұл сабаққа ойын элементтерін қосу ғана емес, білім беру мақсаттарына жетуге ықпал ететін ойын ортасын құру. Трендтердің бұл даму бағыттары болашақта тағы да жаңа мүмкіндіктер мен инновациялар ашып, ойын мен ойын емес элементтерін біріктіруді жалғастырады. 
Құрметті ұстаздар! Оқу процесі ешқашан бірсарынды болмайды егер оны ойынға айналдырсақ. 
ОҚЫҢЫЗДАР! ОЙНАҢЫЗДАР! ТАБЫСҚА ЖЕТІҢІЗДЕР!

Slide 11 - Tekstslide