Геймификация бүгінде жаһандық білім саласындағы үрдіске айналып келеді. Геймификация – мұғалімнің де жұмыс процесін жеңілдететін құрал. Ойын арқылы балаға материалды жеңіл түсіндіруге болады, білімге деген құштар-лығын, ынтасын арттырады. Мұғалімнің уақытын үнемдеп, әр баламен жеке жұмыс істеуге көмектеседі. Жауапкершілік балаға беріледі, баланы өз бетінше жұмыс істеуге ынталан-дыру, сол арқылы білімге құштарлығын арттыруға болады. Егер ойындар арқылы баланың өз махаббатын оята алса, мұғалім тек бағыт-бағдар мен оқу керек дереккөздерді ғана береді. Бала жауапкершілік алып, өзі ізденіп оқиды.
Қазіргі буын – тик-ток, youtube және инстаграмның буыны. Біз қаласақ та, қаламасақ та онлайн өмірге еніп кеткен. Оларға жаңа білімді ескі әдіспен ұсына алмаймыз, заманға сай жаңа құралдарды пайдалану керек. Қазір білім саласы ғана емес, кез келген бизнес, банктер, зауыттар геймифика-цияны қолданады. Өмірімізге геймификация әбден енген. Одан қаша алмаймыз, керісінше өз игілігіміз үшін пайдалану керек