Жасқа байланысты есептер

Жасқа байланысты есептер
1 / 30
volgende
Slide 1: Tekstslide

In deze les zitten 30 slides, met interactieve quizzen en tekstslides.

Onderdelen in deze les

Жасқа байланысты есептер

Slide 1 - Tekstslide

Көңіл-кұйіңіз қандай? Emoji арқылы көрсетіңіз:
😒🙁😐🙂😃

Slide 2 - Poll

Жасқа байланысты логикалық есептерді шығаруға дайынсыз ба? Қаншалықты дайын екеніңізді 10 баллдық шкаламен бағалаңыз:
010

Slide 3 - Poll

Жасқа байланысты есептерді шешу
Жасқа байланысты есептер математикалық сауаттылықтағы негізгі және маңызды тақырыптардың бірі. Екі адамның жасының арасындағы байланысты есептеуге арналған есептерде ең басты ескеретін жағдай:
Қанша жыл өтсе де, екі адамның жастарының айырмасы өзгермейді. Немесе бірнеше жылдан кейін екі (не бірнеше) адамның жастарына да бірдей жас қосылады, бірнеше жыл бұрын екі (не бірнеше) адамның жастарынан да бірдей жас азаяды 

Slide 4 - Tekstslide

Ернұр, Ермек, Еркін үшеуі бір күнде туылған үшемдер. Олардан дәл 3 жыл кейін туылған екі егіз қарындастары бар. Бесеуінің жастарының қосындысы қанша болуы мүмкін?
A
25
B
65
C
89
D
80

Slide 5 - Quizvraag

Жауабы:
Үшемдерді-х
Ал егіз қарындастарын-х-3 
Жастарының қосындысын табу үшін:
х+х+х+х-3+х-3=?
5х-6 -өрнегі шығады
- беске бөлінетін сандардың формуласы, яғни сандар 0-ге немесе 5-ке аяқталады 
1.  0-ге аяқталса: 4-пен аяқталатын сан болуы керек, ондай жауап жоқ.
2. 5-ке аяқталса,9-ға аяқталатын сан шығады, ондай жауап бар В


Slide 6 - Tekstslide

Жанұяда төрт бала бар. Олардың жастарының арасы 2 жыл.Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы 36 жыл болады. Жанұядағы үлкен бала неше жаста?
A
6
B
8
C
7
D
9

Slide 7 - Quizvraag

Жауабы:
Бірінші бала-х
Екінші бала- х+2
Үшінші бала - х+2+2=х+4
Төртінші бала-х+4+2=х+6
3 жыл өткеннен кейін барлық баланың жастарына 3 жыл қосылады:
(х+3)+(х+2+3)+(х+4+3)+(х+6+3)=36
4х=12
х=3
Ең үлкен баланың жасы: 6+3=9

Slide 8 - Tekstslide

Бір адам бір жарым жыл бұрын: "Менің бұл дүниеде өмір сүріп жатқаныма 44 жыл 44 ай, 44 апта, 44 күн, 44 сағат, 44 минут өтті",-деді. Бұл адам нешеде?
A
50
B
40
C
44
D
53

Slide 9 - Quizvraag

Жауабы:
44 ай= 3 жыл 8 ай
44 апта=11 ай
44 жыл
Бір жарым жыл бұрын болғандықтан:
44+3+1+1+1=50 жаста 

Slide 10 - Tekstslide

Әкесі мен баласы 38 жаста, атасы мен немересі 64 жаста ,ал әкесі мен атасы 84 жаста. Олардың үшеуінің жастарының қосындысы неше жыл?
A
100
B
93
C
90
D
102

Slide 11 - Quizvraag

Жауабы:
Әкесі-х
Баласы-у
Немересі-z
Жүйе құрамыз:
х+у=38                      Үш теңдеуді қосамыз:
у+z=64                        2х+2у+2z=186
х+z=84                         х+у+z=93( жастарының қосындысы)

Slide 12 - Tekstslide

Бес жылдан кейін ағасының жасының қарындасының жасына қатынасы 5:3 қатынасындай болады. Егер бір жыл бұрын ағасы қарындасынан 2 есе үлкен болса,онда қазіргі кезде қарындасы нешеде?
A
13
B
25
C
24
D
10

Slide 13 - Quizvraag

Жауабы:
Қатынасты: 5х,3х деп аламыз 
6 жыл бұрын болғандықтан: 
5х-6=2(3х-6)
х=6
Қарындасы: 3*6=18
Бізге керегі 5 жыл бұрынғы жасы: 
18-5=13

Slide 14 - Tekstslide

Алты жыл бұрын Абылай Даниярдан төрт есе үлкен болған еді. Егер Дария қазіргі тоғыз жаста болса,онда Абылайдың жасын анықтаңыз?
A
23
B
25
C
18
D
19

Slide 15 - Quizvraag

Жауабы:
9-6=3- Дарияның 6 жыл бұрынғы жасы
3*4=12- Абылайдың 6 жыл бұрынғы жасы
12+6=18- Абылайдың жасы

Slide 16 - Tekstslide

Әкесі мен баласының жастарының көбейтіндісі 2013. Олардың жастарының қосындысы қанша?
A
94
B
54
C
63
D
72

Slide 17 - Quizvraag

Жауабы:
2013-ті жіктейміз
2013=61*33
Ендеше,  61+33=94

Slide 18 - Tekstslide

Осыдан бес жыл бұрын Асқар мен қарындасының жастарының қосындысы 15 жас болды. Алты жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше жас болады?
A
32
B
28
C
45
D
37

Slide 19 - Quizvraag

Жауабы:
х+у=15- Асқар мен қарындасының жастарының қосындысы
5 жыл бұрынғы және 6 жылдан кейінгі аралықты қосамыз
Екі адам болғандықтан ағасында да дәл сондай жас өзгерістері 
  (5+6)*2=22
15+22=37-ге тең болады

Slide 20 - Tekstslide

Айқын және оның ата-анасы барлығы бір күнде, 1 қаңтар күні туылған.2016 жылдың қаңтарында Айқын анасынан 7 есе кіші болды, ал 2017 жылдың қаңтарында әкесінен 7 есе кіші болды. Әкесі анасынан неше жас үлкен екенін анықтаңыз.
A
4
B
2
C
6
D
5

Slide 21 - Quizvraag

Жауабы:
2016 жылы- Айқын анасынан 7 есе кіші болды
Айқынды-7х, ал анасын-х -деп аламыз. х-тің орнына мысалы
 5-ті қойып көрейік, сонда 5 және 35 шығады.
2017 жылы - Айқын 6 жаста болады,егер әкесі 7 есе үлкен болса онда ол - 42 жаста, ал анасы 36 жаста.
Ендеше, 42-36=6 жыл

Slide 22 - Tekstslide

Осы үш жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 70-ке тең болды. Жеті жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неше болады?
A
90
B
82
C
77
D
78

Slide 23 - Quizvraag

Жауабы:
x-3- ағасының үш жыл бұрынғы жасы
у-3-қарындасының үш жыл бұрынғы жасы
х-3+у-3=70
х+у=76
х+7- ағасының жеті жылдан кейінгі жасы
у+7- қарындасының жеті жылдан кейінгі жасы 
х+7+у+7=(х+у)+14=76+14=90

Slide 24 - Tekstslide

Ағасы інісіне: "Мен қазіргі сенің жасыңда болғанда сен менен үш есе жас едің. Ал сен менің қазіргі жасыма келгенде екеуіміздің жастарымызды қосқанда 60 болады"-дейді. Ағайындылар қазір нешеде?
A
26, 14
B
25, 15
C
25, 14
D
24, 16

Slide 25 - Quizvraag

Әкесінің жасы баласының жасынан 4 есе артық. 20 жылдан кейін баланың жасы әкесінің жасынан 2 есе кіші болатыны белгілі болса,қазіргі кездегі әкесінің жасын табыңыз:
A
40
B
15
C
32
D
55

Slide 26 - Quizvraag

Жауабы:
Әкесі-4х=4*10=40
Баласы-х 
Егер 20 жыл өтсе, онда:
Әкесі-4х+20
Баласы- х+20
4х+20=2(х+20)
х=10

Slide 27 - Tekstslide

Төрт жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы 12-ге тең болды. 8 жылдан соң олардың жастарының қосындысы қанша болатынын анықтаңыз:
A
28
B
39
C
36
D
41

Slide 28 - Quizvraag

Жауабы:
Ағасы-х
Қарындасы-у
4 жыл бұрын: х-4+у-4=12
х+у=20
8 жылдан кейін: х+8+у+8=(х+у)+16=20+16=36

Slide 29 - Tekstslide

Назарларыңызға рахмет!

Slide 30 - Tekstslide