Қазіргі желілік технологиялар

Дәріс 1

Қазіргі желілік технологиялар
1 / 22
next
Slide 1: Slide
2University

This lesson contains 22 slides, with interactive quizzes and text slides.

Items in this lesson

Дәріс 1

Қазіргі желілік технологиялар

Slide 1 - Slide

Желідегі компьютерлерді байланыстыру проблемалары

  • Байланыс арналарындағы сигналдарды сәйкестендіру
  • Тасымалдау ортасымен қатынас құру ережелерін анықтау
  • Информацияны тасымалдау сенімділігін арттыру
  • Информацияны тасымалдау маршрутын және адрестеу тәсілдерін анықтау


Slide 2 - Slide

Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар:
Байланыс арналары мен интерфейстер
Желілік карта (Сетевая карта)
Трансивер (transceiver)
Қайталауыш (Repeater) 
Концентратор (Hub) 
Көпір (Мост-Bridge)
Коммутатор (Switch)
Маршрутизатор (Router)



Slide 3 - Slide

Байланыс арналары

Кабельдік байланыс сымдары арқылы


Есілген қоссым        Коаксиалды кабель       Оптоталшық




      





Slide 4 - Slide

Интерфейстер
RJ-45 интерфейсі

BNC интерфейсі


Slide 5 - Slide

Желілік карта

Желілік карта желі операциялық жүйесі арқылы келген командалар мен мәліметтерді қабылдап, оларды бір стандартты форматқа түрлендіріп, оны картаға жалғанған кабель арқылы ары қарай жібереді. Әрбір картаның айрықша өз нөмірі болады.


Slide 6 - Slide

Трансивер

Трансивер тікелей кабельге жалғанып орналасады да, компьютердің желілік картасы арқылы қоректенеді. Трансивер желілік картаға AUI (Attachment Unit Interface) типті интер-фейстік кабельмен қосылып тұрады.


 

Slide 7 - Slide

Қайталауыш

Қайталауыштар бірдей немесе әртүрлі құрылғыларды пайдаланатын сегменттерді байланыстырады, сигналдарды алғашқы қалпына келтіріп, мәліметті тасымалдау қашықтығын арттырады, информацияны екі бағытта да өткізеді. Қайталауыштар коаксиалды кабельді пайдаланатын желілерді
 кеңейтіп. олардың мүмкіндігін арттырады.


Slide 8 - Slide

Концентратор

Концентратор деп физикалық түрде бірнеше байланыс арналарын біріктіріп тұратын бірнеше порттары бар қайталауышты айтады. Концентратор желінің физикалық топологиясын өзгертеді, бірақ оның логикалық топологиясы өз-гермейді. Егер оның бір портына мәлімет келіп түссе, ол оны көбейтіп барлық басқа порттар арқылы жөнелтеді.

 

Slide 9 - Slide

Көпір

Көпір желінің жалпы мәлімет тасу ортасын бөліктерге бөліп тұрады да, ол келіп түскен мәліметті басқа сегментке тек адресіне байланысты жөнелтіп отырады.



 

Slide 10 - Slide

Коммутатор

Коммутатор қызметі көпірге ұқсас, бірақ мұның жұмыс өнімділігі жоғары, өйткені көпір бір мезетте тек екі порт арасын ғана байланыстырады. Ал коммутатор өзіндегі барлық порттар арасын бірден байланыстыра алады.


Slide 11 - Slide

Маршрутизатор

Маршрутизатор көпір мен коммутаторға қарағанда желінің мәлімет тасу ортасын өте тиімді бөліктерге бөледі. Ол келесі желі торабын адреске қарап тауып, әрбір мәліметтің ең ыңғайлы маршрутын таңдап алады, т.с.с. Желі күрделі болған сайын маршрутизатордың жұмыс тиімділігі де арта түседі.

 

Slide 12 - Slide

Компьютерлік желілерге қажет жабдықтар
A
Байланыс арналары Трансивер (transceiver) Жүйелік блок
B
Блок-схема Коммутатор (Switch) Маршрутизатор (Router)
C
Концентратор (Hub) Коммутатор (Switch) Маршрутизатор (Router)
D
Желілік карта (Сетевая карта) Тінтуір Концентратор (Hub)

Slide 13 - Quiz

............. - деп физикалық түрде бірнеше байланыс арналарын біріктіріп тұратын бірнеше порттары бар қайталауышты айтады.
A
Концентратор
B
Желілік карта
C
Трансивер
D
Маршрутизатор

Slide 14 - Quiz

......... - желінің жалпы мәлімет тасу ортасын бөліктерге бөліп тұрады да, ол келіп түскен мәліметті басқа сегментке тек адресіне байланысты жөнелтіп отырады.
A
Концентратор
B
Маршрутизатор
C
Коммутатор
D
Көпір

Slide 15 - Quiz

........ - желі операциялық жүйесі арқылы келген командалар мен мәліметтерді қабылдап, оларды бір стандартты форматқа түрлендіріп, оны картаға жалғанған кабель арқылы ары қарай жібереді.
A
Коммутатор (Switch)
B
Желілік карта
C
Маршрутизатор (Router)
D
Концентратор (Hub)

Slide 16 - Quiz


😒🙁😐🙂😃

Slide 17 - Poll

Компьютерлердің байланысу деңгейлері мен желідегі мәлімет тасу протоколдары




 

Мәліметтерді тасымалдау ісін стандарттау жұмысы Халықаралық стандарттар институ-тының (ISO - International Standards Organization) техникалық ұсыныстарына байланысты жүргізіліп, желі параметрлерін сәйкестендіру ісі OSI (ашық жүйелердің әрекеттесу моделі - Model of Open System Interconnections) деп аталған модель негізінде жасалып шықты. Осы ISO/OSI моделіне сәйкес мәлімет алмасу схемасы 7 сатыға бөлініп қарастырылады. Олардың жоғарғысы қолданбалы деңгей, ал ең төменгісі - физикалық деңгей болып саналады.




Slide 18 - Slide

Халықаралық стандарттау институтының ISO ұсынысы бойынша компьютерлердің өзара байланысуы 7 деңгейден тұратыны айтылған болатын, олар:

1-физикалық, 2-каналдық, 3-желілік,
4- транспорттық, 5-сеанстық,
6-мәліметтерді ұсыну деңгейі,
7-қолданбалы деңгей




Slide 19 - Slide

Қолданбалы —тұтынушының есептеу жүйесімен әрекеттесуін атқаратын ең жоғарғы деңгей. 
Физикалық— құрылғылар арасында сигналдар алмасуын қамтамасыз ететін ең төменгі деңгей.

Slide 20 - Slide

Slide 21 - Slide

Slide 22 - Slide