Видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу

Видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу
1 / 17
suivant
Slide 1: Diapositive
МSecondary Education

Cette leçon contient 17 diapositives, avec quiz interactifs, diapositives de texte et 1 vidéo.

time-iconLa durée de la leçon est: 50 min

Éléments de cette leçon

Видео түсірілімнің негізгі қағидалары және бейнелерді өңдеу

Slide 1 - Diapositive

Жоспар:
1. Видео контент құру жолдары
2. Видео түсірілімнің негізгі қағидалары

Slide 2 - Diapositive

Slide 3 - Vidéo

Slide 4 - Lien

1- қағида. Бейнені тағанмен (штатив) түсіру
Бұл талаптың өзіндік негізі бар. Егер бейнені түсіруде таған қолданылса, онда арзан және жарықтығы төмен камерамен түсірілген бейне де сапалы болып шығады. Себебі камераны қолмен ұстап бейне түсірген кезде артқы фон үнемі қозғалыста болады. Бейнені өңдеуге арналған программалар үшін мұндай фондарды өңдеу қиындық тудырады және нәтижесінде бей- ненің сапасы төмендейді.

Бейнені түсіру нүктесін өзгерту
Бейне түсіру нүктелері нысан қозғалысының жолымен қиылыспауы керек. Мысалы, жүріп келе жатқан адам оң жағынан түсірілсе, онда ол экранда сол жақтан оңға қарай
қозғалады. Егер оның қозғалысын кесіп, сол жақтан түсіруді жалғастыратын болсақ, онда шын мәнінде де ол сол бағытпен қозғалатын болады. Бірақ экранда оның қозғалысы енді оң жақтан солға қарай болады, яғни кері бағытта қозғалады.
Жүріп келе жатқан сәттегі бейне түсіру
Бейнені жүріп келе жатқан жануар немесе адам көзімен түсіру жұмысы осылай атқарылады.

Камерамен айналдыра (дөңгелете) бейне түсіру
Бұл әдісті қолдану ұзақтығы барынша қысқа жайттарды: құлап бара жатқан зат, күрес және басқа да спорттық жарыс- тарды түсіруге болады.

Slide 5 - Diapositive

2- қағида. Бейнені көз деңгейінде және көкжиек сызығына параллель түсіру
Көз деңгейінен төмен бейнені түсіру нысанды кішірейтеді. Тиісті деңгейден төмен түсірілген кадрлар сәтсіз шығады. Ал камераны көкжиек деңгейіне қарай еңкейте ұстап түсіру экранда дұрыс бағытты сақтай алады.
Төменнен жоғары қарай түсіру
Бұл әдіспен қозғалыстың жылдамдығын көрсетуге, нысан- дарды үлкейтуге болады. Еденнен түсірілген бала бейнесі экранда ірі болып көрінеді.
Жоғарыдан төмен қарай және жанынан түсіру
Бұл әдіс кадрды кең көлемде беретіндіктен, бейнебақылауда қолданылады.
20–30 градус бұрышта түсіру
Бұл әдіспен әдетте бейнеклиптер мен жастардың теле- бағдарламаларын түсіреді. Ол кадр динамикасын арттырады. Егер нысан бір орында тұрса, бұл әдісті қолданғаннан кейін ол нысан құлайтын сияқты әсер береді.


Slide 6 - Diapositive

3- қағида. Өлшемді өзгерту (зум) қызметін қажет кезде ғана қолдану

Өлшемін өзгерту (жақындату, алыстату) – назар аударту әдістерінің бірі. Оператор бірінші және соңғы кадрға көрермен назарын аудару үшін өлшем өзгерту әдісін қолданады. Нысан- ды қатты жақындату арқылы түсіру бейне сапасын төмендетеді.
Алыс қашықтықты бірден жақындатып түсіру
Бұл әдіс түсіру алаңын барынша кішірейтіп, артқы фонды алып тастайды.
4-қағида. Жарық жақсы түскен кезде түсіру
Бейне түсіруде екі түсіру алаңы болады: бірі – өзіміз көретін алаң, екіншісі – камера көретін алаң. Бұл екі алаң бір- бірінен қатты ерекшеленеді. Жарық дұрыс түсіп тұрса, онда қарапайым камера арқылы да сапалы бейне түсіруге болады. Ал, керісінше, камера қанша қымбат болғанымен, жарықтан- дыру нашар болса, онда бейне сапасы да нашар болады.

Бөлектеп жарықтандыру арқылы түсіру
Егер артқы фон қараңғы болатын болса, белгілі бір нысанды түсіру кезінде бұл ешқандай қиындық тудырмайды. Кейде нысанның бір бөлігін ғана жарықтандыру қызықты көркем әсер береді. Тек қана осы әсер сапасын қадағалау керек.

Slide 7 - Diapositive

5-қағида. Бейне түсіруде ақ түсті балансты сақтау. Ақ түсті баланс «қызыл» және «көк» кадрлардың пайда болуының алдын алады. Ақ түстің дұрыс бапталмауы ғима- раттың ішінде түсірілген кадрлардың қызыл түске ығысуына алып келеді. Мұны ақ түсті нысандарды бейнеге түсіру кезінде байқауға болады, себебі олар қызғылт түсте беріледі. Ал сыртта түсірілген кадрларда нысандар көк түске ығыстырылады. Сондықтан камераны әр қосқан сайын ақ түстің балансын тек- серіп, баптап отыру керек.
Ақ түсті қызыл түске қарай ығыстыру. Біздің көзіміз салқын түстерге қарағанда жылы түстерді жақсы қабылдайды. Қызыл түске қарай ығыстыру тері түсін көзге тартымды етеді.
Ақ түсті көк түске қарай ығыстыру. Бұл әдіспен бейне түсіру арқылы түнгі түсірілім әсерін алуға болады.Жоғарыда келтірілген бейне түсіру барысындағы қағидалар мен кеңестерді ескеру арқылы қызықты кадрлар түсіруге болады, алайда ең бастысы, бейне көрермендерге барынша түсінікті әрі ұнайтын болуы тиіс.

Slide 8 - Diapositive

Slide 9 - Lien

Компьютерлік вирус дегеніміз не?
A
компьютерге зиян келтіру үшін арнайы жазылған программа
B
компьютердің жұмысын реттеп бұзып орнына жөндейді
C
Ұсқынсыз суреттерді корзинаға жіберіп өңдейді
D
Ақылы түрлі ойындар ойнатылатын арнайы программа

Slide 10 - Quiz

Денсаулыққа кері әсер ететін фактор
A
еңбек
B
аз қозғалу
C
кітап оқу
D
тамақтану

Slide 11 - Quiz

Quiz
Мәтіндік файлдың кеңейтілуі:
A
.docx.
B
.tiff;
C
.jpg;
D
.gif

Slide 12 - Quiz

Quiz
Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа:
A
модем
B
мұрағат
C
вирус
D
файл

Slide 13 - Quiz

Quiz
Файлдарды сығу процесі .... деп аталады
A
архивтен шығару;
B
сақтау
C
ашу
D
архивтеу;

Slide 14 - Quiz

Бейнемонтаждау бізге
неге қажет?

Slide 15 - Carte mentale

Кері байланыс
Түсіндім
Сұрағым бар
Түсінбедім

Slide 16 - Sondage

Бүгінгі сабақта көңіл -күйің қандай болды?
😒🙁😐🙂😃

Slide 17 - Sondage