11-сынып Виртуалды машина

Үй тапсырмасы
"Сызба сызу"
1 / 10
volgende
Slide 1: Tekstslide
Primary Education

In deze les zitten 10 slides, met interactieve quiz, tekstslides en 1 video.

time-iconLesduur is: 45 min

Onderdelen in deze les

Үй тапсырмасы
"Сызба сызу"

Slide 1 - Tekstslide

 Виртуалды машиналар
11.1.2.1 - виртуалды машиналардың мақсатын сипаттау

Slide 2 - Tekstslide

Slide 3 - Video

 Виртуалды машина – арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – компьютер ішіндегі компьютер және ол негізгі компьютер ресурстарын пайдаланады (жедел жады, процессор және қатқыл диск).
           Виртуалды машинаны компьютерге орнату барысында жасанды түрде виртуалды компьютер құрылады. Әрбір виртуалды машинаның процессор, жад, қатқыл дискілер, желілік интерфейстер сияқты жеке виртуалды жабдығы болады. Виртуалды жабдық шын компьютердегі нақты жабдықпен салыстырылады. Операциялық жүйе оны нақты, яғни шынайы деп санайды. Виртуалды машинаның ерекшелігі – ол жүйенің қалған бөлігінен оқшау тұрады, яғни оның ішіндегі программа компьютердің өзіне әсер ете алмайды.
         Бір компьютерде бір уақытта бірнеше виртуалды машина жұмыс істей алады. Дәл саны аппараттық ресурстарға байланысты: процессор неғұрлым күшті, жедел жады көбірек, жинақтағыш кең болса, машина саны соғұрлым көп болады. Виртуалды машиналардың қосымша-эмуляторлары оларға әртүрлі операциялық жүйе (ОЖ) орнатуға әрі іске қосуға мүмкіндік береді.

Slide 4 - Tekstslide

 Виртуалды операциялық жүйе – виртуалды машинаға орнатылған операциялық жүйе.
          Виртуалды операциялық жүйелер «қонақтық» деп, ал нағыз серверде орнатылған операциялық жүйе «хостық» (басты) деп аталады. Виртуалды машиналар программалар арқылы іске қосылады, қонақтық ОЖ мен программаларға гипервизор, виртуалды құрылғылар арқылы сервердің ақпараттық ресурстарға кіруіне мүмкіндік береді.
             Гипервизор – виртуалдау платформасы. Ол бір компьютерде бірнеше операциялық жүйені іске қосады. Гипервизор әрбір виртуалды машинаға оқшауланған ортаны ұсынады. Ол қонақтық ОЖ-ға компьютердің аппараттық қамтамасыз етуге кіруіне мүмкіндік береді.

Slide 5 - Tekstslide

Виртуалды машинаның артықшылықтары:

  • Кез-келген ОЖ-ні қатты дискіні бұзбай немесе шатастырмай орнатуға болады;
  • Әр түрлі қосымшаларды олардың өнімділігін әр түрлі ОЖ-де салыстыру арқылы тексеруге болады;
  • Виртуалды машинада жасайтын қабықшада файлдарды жұқтыру үшін тексеруге болады;
  • Әр түрлі операциялық жүйелерде желілерді құруға және басқаруға болады;
  •  Амалдық жүйеге қол жетімді емес бағдарламаларды іске қосуға болады.
        


Slide 6 - Tekstslide

Виртуалды машинаның кемшіліктері:

  • Жүйелік ресурстар үлкен көлемді алады, яғни қатты диск, процессор және әсіресе жедел жады;
  • Гипервизорлар негізгі ОЖ сияқты тиімді емес;
  • Жүктеу процесі ұзақ уақытты алады.

Slide 7 - Tekstslide

Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқып, кемінде бір сұрақ құра. 
timer
3:00

Slide 8 - Tekstslide

Виртуалды машина
қандай мақсатта
қолданылады?

Slide 9 - Woordweb

Үй тапсырмасы. 
Оқулықта көрсетілмеген виртуалды машиналарды қолдану салаларын іздеу. 

Slide 10 - Tekstslide