Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу үшін:
теңдеудің біреуіндегі бір айнымалыны екінші айнымалы арқылы өрнектеу керек;
табылған өрнекті екінші теңдеудегі осы айнымалының орнына қою керек. Сонда бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу шығады;
шыққан сызықтық теңдеуді шешіп, айнымалының мәнін табу керек;
табылған айнымалының мәнін екінші айнымалыны табу өрнегіндегі орнына қойып, екінші айнымалыны табу керек.