М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы Жамал тағдыры

1 / 16
volgende
Slide 1: Video
Secondary Education

In deze les zitten 16 slides, met interactieve quizzen, tekstslides en 1 video.

Onderdelen in deze les

Slide 1 - Video

«Сұрақтар көшкіні»

Slide 2 - Tekstslide

М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы.  Жамал тағдыры

Slide 3 - Tekstslide

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

    8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
 Сабақтың мақсаты: көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады;
автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісі талданады





Slide 4 - Tekstslide

Топтық жұмыс

Slide 5 - Tekstslide

"Екі түрлі түсініктеме" күнделігі

«Екі дүниеде Жамалдын обалы саған болсын, би болмақ тұрсын, патша болсаң да Жамалды неғып сондай жаманға қиып бермекші боласың?» деп көзінен жас төгіп үйден шығып кетті. «Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа» деп Сәрсенбай мыңқылдады.

Сәрсенбай бұрын жақсы көріп Жамалды өз теңіне беремін деуші еді.Бұл сапарда сайлауда шыққан шығын, кеткен намыс , оның үстіне көлденең кісілердің де сөзі қамшы болып, «не болса да Байжанмен құда боламын» деп жауап қайтарды.




timer
7:00

Slide 6 - Tekstslide

"Тұжырым кестесі" стратегиясы
Шолпан қызынан сұрады:
- Қарағым, Жамал, жұрт мынадай деп жатыр, енді қайтеміз?-деп,
Жамал:
-Апа , енді мен үшін жаманатты болмаңыз , маған енді Ғали болмаған соң бәрібір , суға батырып , отқа жандырса да ықтияр бере беріңдер, Алла менің маңдайымды ашайын десе Ғалиды мұндай қылмас еді- деп қасіреттеніп мұңды дауыспен жауап берді.
Жұман мырза Жамалды алып келуді намыс көрген соң , Байжанның қатыны келіп алып кетті.
Берілген үзіндідегі Жамалдың жан күйзелісіне сіздің көзқарасыңыз. Жамал қай жерден қателесті деп ойлайсыз? Әке разылығын алмағаны үшін бақытсыздыққа тап болуы мүмкін бе?

Text

Slide 7 - Tekstslide

«Пайымдау» кестесі 
- Ғали,Ғали жаным қайдасың?-ақырғы тіршілігінің минуты осы болып , бір ояздай елге әңгіме болған сұлу Жамал мақсатына жете алмай, жапан далада, декабрьдің рақымсыз боранды түнінде жан тәсілім қылды

Slide 8 - Tekstslide

Жұптық жұмыс. Берілген ұғым бойынша жұптасып шығармадан үзіндіні тап, ақпарат қай кейіпкерге қатысты?

1. 5 ай - 
2. Қымыз- 
3. Уфа-
4. Билік-
5. 17 жас-
6. Ноғайшалау –
7. 2 мың теңге несие-
8. Нағашы- 
9. Қане, шыққан мүйізің?-
10. Ұрын жіберемін - 


Slide 9 - Tekstslide

Жеке жұмыс. Шығармадан автор қолданған кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін анықта. Қанатты сөз, мақал-мәтелдер, аффоризмдерді тауып мағынасын аш.



Slide 10 - Tekstslide

Тақырыпты ашатын түйінді сөздер тізбезін белгіле
A
Қасірет, ескілік, бақытсыздық
B
Тағдыр, үй, туған жер
C
Татулық, айла, мейірім
D
Бақыт, нағашы, сауат

Slide 11 - Quizvraag

Жамал тағдырына алаңдаған негізгі кейіпкер
A
Қалампыр
B
Шолпан
C
Фатихолла
D
Байжан

Slide 12 - Quizvraag

Жамал тағдыры сол замандағы нені меңзейді?
A
сауат ашуды
B
дәстүрдің озығы
C
қазақы тәрбиені
D
әйел теңсіздігі

Slide 13 - Quizvraag

Жамалдың ажалы қалай болды?

A
шарасыздықтан адасып өлді
B
Фатихолланың үйінде жан тәсілім болды
C
Жұманның үйінде соққыдан қайтыс болды
D
Өз үйінде ауырып қайтыс болды

Slide 14 - Quizvraag

Кері байланыс. "Ашық микрафон" әдісі

Өзін-өзі бағалау парағы бойынша хабарлау




Slide 15 - Tekstslide

Үйге тапсырма






Берілген көркем шығармаларды Жамалмен не байланыстыратынын анықтап, үзінді жаз.
С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Жүсіпбек Аймауытов “Ақбілек” романы
Спандияр Көбеев «Қалың мал» романы

Slide 16 - Tekstslide